Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 4)

Архив блога

Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы халықаралық фестивальден жүлделі оралды

Коломбо қаласында XII Colombo International Theatre Festival халықаралық театр фестивалі аяқталды. Өнер додасында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Қаһар» спектаклін сахналады. Француз драматургі Жан Ануйдың шығармасы негізінде режиссер Дина Жұмабаева қойған моноспектакль «Үздік спектакль» аталымында жеңіске жетті. Ал басты рөлді сомдаған Аида Жантілеуова «Үздік актриса» жүлдесіне ие болды. «Қаһар» – адам жанының арпалысы мен ішкі ...

Толығырақ »

Тамыз конференциясы: Мемлекет басшысы ұстаздарды құттықтады

Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады.  «Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр.  Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат.  Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы керек. Бұл ...

Толығырақ »

Президент: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық баланың есепшотына қаражат аударылды

«Балаларды қорғау және олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – аса маңызды міндет. Бұл – мемлекет саясатындағы негізгі басымдықтың бірі. ЮНИСЕФ Қазақстанның осы салада Орталық Азия елдеріне ғана емес, Еуропадағы бірқатар мемлекетке үлгі бола алатынын мәлімдеп отыр. Бұл халықаралық ұйымға ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, біз бұл бағытта көп жұмыс атқардық. 2024 жылдан бері «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында ...

Толығырақ »

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) 2026/2027 жылғы жаңартылған әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы qazsporttv.kz  арнасы хабарлады. 22 жастағы спортшының еншісінде 3918 ұпай бар. Шайдоровтан жоғары тұрғандар – АҚШ өкілі Илья Малинин (4590 ұпай) және Жапония спортшысы Юма Кагияма (4123 ұпай). Михаил Шайдоров үшін бұл – ISU рейтингіндегі ең үздік көрсеткіш. Қазақстандық спортшы төртінші орында тұрған ...

Толығырақ »

ШОКОЛАДТЫ КРУАССАН ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ

Шоколадты круассан — сыртқы қабаты қытырлақ, іші жұмсақ әрі хош иісті тамаша тәтті. Қабат-қабат болып пісірілген қамырдың ортасындағы қою шоколад әр тістеген сайын ерекше дәм сыйлайды. Жаңа піскен круассанның жылы хош иісі мен еріген шоколадтың үйлесімі таңғы кофеге де, түстен кейінгі тәтті үзіліске де керемет жарасады. Дәмді круассанның дайындалу жолын ұсынамыз. Қамырға: * Жылы сүт – 1 стақан (200 мл) ...

Толығырақ »

БЕТТЕН СҮЮ – ҚАЗАҚЫ АМАНДАСУ МӘДЕНИЕТІ МЕ?

Президент көтерген мәселенің қазақ дәстүріндегі негізі қандай? Этнологиялық түсіндірме Тұрар Сәттарқызы, тарихшы-этнограф, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуші Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы жүріс-тұрыс әдебіне қатысты пікір білдіріп, ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуын, сондай-ақ ер мен әйелдің амандасқанда бір-бірін беттен сүюін қазақтың дәстүріне жат екенін айтты. Президенттің айтуынша, мұндай амандасу біздің салт-дәстүрімізде болмаған. Ол ер азаматтардың нық қол алысып, ал адамды ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН ЖӘНЕ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен беделді білім сайысында топ жарған жеңімпаздардың алтауы – алтын медаль, он бірі – күміс, төртеуі – қола медаль иегерлері. Президент білім сайысында үздік нәтижеге ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Мемлекет басшысы дауыс берген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Президент Құрылтай сайлауының маңызы айрықша екенін атап өтіп, бұл саяси оқиға ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты. – Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай ...

Толығырақ »

Қаржылық сауаттылық – байлықтың кілті

Қаржылық сауаттылық — бұл басқару қабілеті. Ол негізгі қаржылық ұғымдарды білуді, бюджетті құруды, инвестициялауды, болашаққа жоспарлауды және ұтымды қаржылық шешімдер қабылдауға көмектеседі. Осыны ескере отырып, сіздің қаржыңызды қалай басқаруға, қаржылық әл-ауқатыңызды нығайтуға және болашағыңызды қамтамасыз етуге болатындығын білу маңызды. Қаржылық сауаттылықтың бірнеше маңызды аспектілері: Бюджеттеу. Айлық бюджетті құру сіздің ақшаңыздың қайда кететінін түсінуге және оны ақылмен бөлуге көмектеседі. Жинақтау. Төтенше ...

Толығырақ »

Сыртына қарап тон пішпе… (мөлтек сыр)

Қырсықтық пен бірбеткейліктің артында кейде біз білмейтін бір миссия не мейірім жатады. Бірақ бізге тереңіне үңіліп жатпай, адамды қаралай салу әлдеқайда оңай. Өткенде тик-токта бір қыздың әңгімесіне тап болдым. Тыңдадым. Оның сөзі: «Көлігіме жанармай құю үшін бекетке бардым. Кезегімді күтіп тұрдым. Кассаға бір жігіт келді. Қолында ыстық кофе мен жейтін тамағы бар. Кассадағы қыз: «Сіз кофені басқа стаканға құйып алыпсыз, ...

Толығырақ »