Биыл ғана Ұлыбританиядағы Кингстон университетін тәмамдаған 20 жастағы алматылық Асқар Бөлегенов Лондонда өз бизнесін ашты деп хабарлайды stan.kz. Жас жігіт өзінің жобасын атақты британиялық миллиардер Ричард Брэнсонның алдында, жас стартаперлер конкурсында қорғап шыққан. 10 мыңнан астам қатысушының арасынан Асқар 12-ші орынды иеленген. Бұл туралы Youtube порталындағы kuan7777 каналында хабарлады. Жас кәсіпкердің сөзінше бұл “әлемдегі ең алғашқы гроссеримаркет саласындағы логистикалық сервис”. ...
Толығырақ »Архив блога
23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр
Өткен 6 шілде, Астана күнінде қазақтың ұшқыш қызы бір ерлігін Астана мерекесінің құрметіне арнады. «Сіздерге Ұлттық ұланның 23 жастағы аға ұшқыш-штурманы Ардана Ботайды (суретте) таныстырайын. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. Кейін отбасы Астанаға көшіп келді. Ардана 2011-жылы №2 мектеп-гимназияны бітірген соң Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. 2013-жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға ...
Толығырақ »«Боди арт» бізге қаншалықты қажет?
Заман дамуына байланысты өнердің түр-түрі өсіп, өркендеп келеді. Мәселен, сурет өнерінің бұрындары натюрморт, пейзаж, этюд, портрет деген сынды классикалық қырлары болса, қазір «3D сурет», абстракциялық стильдің жаңа бейнелері, «боди арт» сияқты мүлдем өзгеше жанрлар, сипаттар пайда болды. Мысал ретінде осылардың ішінен «боди артты» алайық. Боди арт — авангардтық өнердің бір түрі. Мұндағы негізгі нысана — адамның денесі. Түрлі бояуларды қолдана отырып, жалаңаш денеге сурет салуды көздейді. ...
Толығырақ »«НӘН», «ЖҮДӘ», «ҚАСҚА» немесе сіз қай диалектті қолданасыз?
«Отыз тістен шыққан сөз отыз руға тарайды». Шынымен де, халық айтса қалт айтпайды. Бір ғана адамның аузынан шыққан сөз қарым-қатынас арқылы қоғамда түрліше өзгеріске еніп, алуан түрде сипат алады. Халық ауыз әдебиеті осыдан қалыптасса керек. Ауыздан-ауызға тараған сөз, мақал-мәтел, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, аңыз-әңгімелер әркімнің бір ой талқысына түсіп, қалағандарынша өңделіп, керексізі алынып, керектісі қазақилыққа салынып, бірнеше есеге әсіреленіп, түймедей зат ...
Толығырақ »«Балға байланған мамандық» немесе құрдымға кеткен қабілет
«Ұлы бір күндік төңкерістің» уақыты да таяп қалыпты. Тыпыршыған түлектердің тақымдарын қысатын кездері келді. Қалай өтіп шығамын? Қанша балл аламын? Қайда барамын? Жан жақтан ентелеген сауалдар. Баласымен бірге ата-аналары да жандарын қоярға жер таппай әлек. «Әйтеуір бір грантқа ілігіп кетсін»,- деп грант көп бөлінетін мамандықтарды іздеп, оған қажетті 5-ші пәнді де таңдап қояды. Ол физика, химия сынды техникалық салаға керекті пәндер. Оны сіз де, біз ...
Толығырақ »«Лондон» жайлы күлкілі ақпараттар немесе «Лондониум» туралы не білеміз?
Баршамызға мәлім, Лондон қаласы — Британ аралдарындағы ең үлкен қала әрі Ұлыбритания астанасы. Лондон десе көз алдымызға бірден Оксфорд, Бигбен сынды ғимараттары, қызыл түсті таксофондары, екі қабатты автобустары елестейтіні сөзсіз. Алайда бұдан бөлек, ғажайып қала туралы қызықты ақпараттар жетіп артылады. Мәселен, Лондон қаласы алғашқы кездері«Лондониум», «Луденуик» немесе «Луденбург» деп аталған. «Биг-Бен» анау айтқандай сағаттың аты емес, сағаттың ішіндегі қоңыраудың аты. Англияда адамдардан гөрі тауықтар көп. — Мырза, кешіріңіз, ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы