Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 131)

Архив блога

Психологиялық тест: Бір жануарды таңдаңыз

  1. Аю Егер сіз аю бейнесін таңдаған болсаңыз, демек сабырлы жансыз. Сіздің ішкі жан әлеміңіз өте бай әрі барлық жандарды сабырға шақыра алатын қасиетіңізде бар. Ортада өзіңіздің мықтылығыңызбен көзге түсесіз. Егер сіз ана болсаңыз немесе дайындалып жүрсеңіз, онда сіздің бұл таңдауыңыз өзіңіздің керемет ана екенінізді көрсетіп тұр. Аюлардың әркез анасымен бірге жүретіні анық. Тек өзінің мейірімін ғана көрсетіп қоймай, ...

Толығырақ »

Гримердің сиқырлы әлемі

Әдеттегідей М. Байджиев «Құдалар» қойылымның алдында сомдайтын образыма байланысты киімімді киіп алғаннан кейін, грим салуға беттедім. Грим бөлмесінде, құдды бір мұражайға кіргендей боласыз. Қабырғада ілулі тұрған екі жаққа өрілген бұрымдар, арнайы орында неше түрлі париктер, сақал-мұрт, басқа да гримдеу өнеріне қажетті бұйымдар тұр. Күні бойы еңбек етуден тыным таппайтын Гүлнар Галиакбарова қашан барсақ та ілмекпен тоқу тоқып, әртүрлі бұйымдарды дайындап отырады. ...

Толығырақ »

АҚЫЛДЫ АДАМДЫ ҚАЛАЙ ТАНУҒА БОЛАДЫ?

Ақылдылық міндетті түрде мектепті үздік оқу не жаңа өнім ойлап табумен өлшенбейді. Парасатты жан өзіне не қажет екенін және оған жету жолын жақсы біледі. Ой-өріс кеңдігі. Ақыл түсінігі көзі ашық, көкірегі ояу болуымен байланысты. Тек өзіңізбен бірдей пікірдегі адамды ғана тыңдамаңыз. Белгілі бір мақсатқа бағытталған болсаңыз ғана таңдаулы кітаптарды оқыңыз. Ал өзге жағдайда талғамыңызға сай келмейтін кітаптарды оқып көріңіз. Бір келер өмірде бәрін де көру керек, мүмкін ...

Толығырақ »

Ердәулет ӘБУОВ: «КӘРІС ҒАЛЫМДАРЫНАН ҮЙРЕНЕРІМ КӨП»  

Ғылымның кемесіне мініп, бүкіл саналы ғұмырын белгілі бір саланы зерттеу ісіне арнаған ғалымдарды жанкешті деуге болады. Жаратқанның маңдайға жазған бар жасын ғана арнап қоймай, сол жолда мақсатқа жету жолында ел аралап, жер танып, не бір тәуекелге барып жатады. Иә, бүгінге емес, болашаққа еңбек ететін ғалымның арқалаған жүгі ауыр. Оны терең түсіне білгендер ізденіс жолынан айнымай, бағытын айқындай түседі. Сондай білімге ...

Толығырақ »

Үздік тергеуші

Құқық қорғаушылардың тынымсыз тірлігі әсте таусылған емес. Соның ішінде қызығынан қиындығы басым, әділдік пен адалдықты ту еткен, тәртіптілікті ұстанатын тергеу және анықтау бөлімі қызметкерлерінің жұмысы зор жауапкершілік жүктейді. Осы салада кәсіби шеберлігі шыңдалған майталман және жас мамандардың Отанына адал қызмет етіп, алдыңғы сата жүруі – зор мерей. Орал қаласы полиция басқармасында 2019 жылды жетістіктерімен үздік аяқтаған, бірнеше істерді тергеп, жоғары ...

Толығырақ »

Шет елдегі қазақстандық магистранттарға қатысты видеоны тексеру үшін комиссия құрылды

Шет елде тағлымдаман өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видеоны тексеретін комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы сайтына сілтеме жасап. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2019 жылы қарашада шет елдегі тағлымдаман өту кезінде академия магистранттарына қатысты 13 қаңтарда YouTube желісінде жарияланған видеоматериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды. «Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге резервке енген 300 адам шақырылды. Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Президенттік кадр резервін құру туралы бастама өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі болғанын атап өтті. – Сіздердің әрқайсысыңыз жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, мемлекет игілігі үшін адал қызмет етуге ниетті екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сондықтан сіздермен кездесіп, еліміздегі өзекті ...

Толығырақ »

Ауылға барғым келеді

(әңгіме) — Паап, я сегодня поздно приду, — деп қызы баяғы әдетіне басты. Әлдекіммен телефон арқылы сөйлесіп жатқан әкесі тұтқаны алақанымен басып: — Не, тағы қайда? — деп қатулана қарады. — Ну, мы с подругами в кинотеатр хотели пойти… ну, паап, можно? Сөйлесіп болып, шаршаңқы жүзбен қызына бұрылған әке: — Таак, мен саған қанша рет айтам? Қаңғуды доғар! Болды! Мектептен ...

Толығырақ »

Жас криминалист

 11 қаңтарда сағат 23.30 бен 02.20 аралығында белгісіз тұлға Орал қаласы М. Ыхсанов көшесіндегі бір үйдің ауласында тұрған ақ түсті «Фольксваген» маркалы автокөлікті ұрлап, айдап кеткен. Түнде аулаға шыққан иесі көлігінің орнында жоғын көріп, дереу полицияға телефон шалған. Осы сәтте Орал қаласының тұрғыны, 1960 жылғы азаматқа 800 мың теңгеге материалдық шығын келген еді. Көлікті айдап кету оқиғасының орнына барған Абай Пб ...

Толығырақ »

Тіліміз тілімденбесін!

        Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі! Алайда қазақ тіліміз шын мәнінде мемлекеттік тілге айналды ма? ****            Көшедегі жарнамалардың қазақ тілінде қате жазылуы әлі күнге дейін орын алып отыр. Көше жарнамалары тұрмақ мекемелерде мемлекеттік тілде жазылған тақтайшалардағы қателіктерді де көз көріп жүр. Соның бір мысалын мына суреттерден көріңіз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік ...

Толығырақ »