TEATR ALL II Халықаралық театр фестивалінің қорытындысы бойынша Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахналаған Ғабит Мүсіреповтің “Баян Сұлу — Қозы Көрпеш” спектаклінде Баян сұлу рөлін шебер сомдаған актриса Ақниет Орынтай “ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ” номинациясына ие болды. Қойылым режиссері: Гүлназ Балпейісова.
Ақниет “ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ” аталымына ие болды
Елордада көрнекті театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған театр фестивалі өтті.
Фестивальге 7 елдің өнер ұжымдары қатысты. Қойылымдарды театр сыншысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының директоры, қазылар алқасының төрағасы Еркін Жуасбек (Қазақстан); Өнертану ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Амангелді Мұқан (Қазақстан), Театр сыншысы, өнертану ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік сахна өнері институтының профессоры, «Золотая маска» ұлттық театр сыйлығының сарапшысы Надежда Маркарян (Ресей); Театр сыншысы, мәдениет ғылымдарының кандидаты, Қырғыз Республикасының халық жазушысы, профессор, Қырғызстан театр қайраткерлері одағының президенті Жаныш Кулмамбетов (Қырғызстан); Театр сыншысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының ғылыми істер жөніндегі проректоры, өнер тарихы және теориясы кафедрасының меңгерушісі Айсылу Сагитова (Башқұртстан) бағалады.