Басты бет » Руханият » ЭФИР. ӨМІР. ӨЛЕҢ

ЭФИР. ӨМІР. ӨЛЕҢ

Өлеңдер мен аудармалар

 

                    Тәуекел

%d0%bc%d1%83%d1%81%d0%bb%d0%b8%d0%bc

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудармамды Тәуекел Мүсілім ағама арнадым

Юлдуз Улухбекқызы

Таныс арман,
Таныс талғам.
Бір үміт ғазал,
Жүрек жарған.
Бөлек танымы,
Бөлек жан мұңы.
Өнермен өрілген,
Өзгерек тағдыры.
Шығыстан атар.
Ол – арай таң нұры.

***
Сабырмен үндес батырдай,
Жүрек жайын шын байқар.
Ақпанның аппақ қарындай,
Көктем сәлемін өзі айтар.
Жо-жоқ,
Теңіздің лағыл тасындай,
Теңіздің төрін жүз шайқар.

 

  Теңіз жағалауында

Юлдуз Улухбекқызы

Қараша келсе құстар қайтады,
Сағыныш жайлы әнін айтады.
Күрсіністерден күндерім құралып,
Жатқанда көктеміне бар адам қуанып.
Жалғыз теңіз жағалауында жүрмін мен,
Өзіңмен өткен сәттерді аңсап сағынып.
Салқын самалы теңіздің жауратты рас,
Жанардан үзілді моншақ-моншақ жас.
Кешегі бақтағы сырласқан шақтарды,
Сағынышты қозғады ішімде жүрген,
Жағалауда қол ұстасқан екі жас.
Үзік-үзік үміттерді өзіңізсіз жалғауға,
Өзімді-өзім сүймеймін деп тағы алдауға,
Тырысқаннан жалықтым соңғы кез илан,
Қорқамын бірақ бұрынғыдай армандауға.
Аңсаулар ақылымды тауысып біткендей,
Жүрек гүлім өлген сынды ерте көктемей.
Сіздің қасыңызда ғұмырды кешкім келеді,
Жүрегімнің белгісіз қанша күн бұған көнері.
Өмір сүрсем жабырқамай, жасымай шаттана,
Жүрегімді жылатпай ешкімді және іздемей.

***
Нүкте қоям.
Өлең тәмам.
Мен сізге тек қана,
Алыстан тілекші болам.

 

                      Анвар

Юлдуз Улухбекқызы
(еркін аударма)

Келмесең де күтуден қажымас,
Саған ақ сезімінен айрылмас.
Судай аққан уақыт шіркін,
Өз қалыбынан еш жаңылмас.
Дарбазаның алдын торитын,
Ақ құсын жаттан қоритын,
Мен сізге разымын сенсеңіз,
Алғанмен жүрегімнің тынышын.
Тәккаппарлықты тектілікпен ұштап,
Кешегі әзиз асыл аналарға ұқсап.
Бір жүрсем ғұмыр бойына сізбен,
Кеш сайын қойсаңыз қолынан ұстап.
Мен тілеген жүрегімдегі тілектер басы,
Тәңірім сүйген жүректерді айырмашы.
Арудың төгілмесін жүрек сыздап жасы,
Ғашықтарды тәңірім өзің мәңгі қолдашы.
Сізге әлі айта алмадым сезгендерімді,
Талай-талай түсімдегі көргендерімді.
Райхан гүлдер теріп беретін сіз маған,
Сізге сеніп тапсырам ақ адал көңілімді.
Ұрлана қарап терезеден кеш сайын сізге,
Оспалар жақса анашым қасыма кештерде,
Сіз келсе деген қалау ойыма келеді неге?
Мен қысыламын айтуға сіз айтпасаңыз,
Жайымды айтуға дәрмен жоқ шыны менде.
Назданады арулар нәзіктікке сайып сан,
Арманындағы жігітті күтеді-ау ғайыптан.
Менің күткенім сіз екенсіз іздегенім талмастан,
Шүбәсізбін сізсіз жүрегімменен күткен жан.

       

           Қыз сезімі

Юлдуз Улухбекқызы

Есімін ауызға алмай қызаратын,
Ойына түсіп кеткенінен ұялатын.
Біздің елде қыз сезімі айтылмайды,
Біздің жақта,
Жәудір жанарлардан ғана ұға аласың.
Іңкәр жүректер өз жартысын тапқанша,
Ару қолына сүйгені жүзігін әкеп таққанша,
Сезім жайлы сыршыл жанарлар сөйлейді,
БІЗДІҢ ЖАҚТА БӘРІ БАСҚАША.

         

         Кездесу
Сезімнің монологы

Күз еді кездескен шақ,
Сарғайған кез жапырақ.
Сезіміне алданған сол сәт,
Ару жүрек аңғал неткен ақымақ.
Үздіккенмен үміттің жоқ баяны,
Армандарым кімге құшағын жаяды.
Теңіз көңіл ынтығады тынбастан өзіңе,
Құр қиялды қанша күн қорек қылады?
Кездестірген өзіңмен тағдырым болар,
Тағдыр — қазы адамның алдын сан орар.
Өкінбеймін ештеңеге ешқашан дұрысында,
Ақ сезім боп әлдилесең жүрегімді сол да жарар.

         

                Бір сәт

Сезімім үшін қысылып жүрдім,
Еске түскенде жылы сөздерің.
Сезімімді талай жеңемін дедім,
Бірақ, бірақ арман жетегіндемін.
Бір сәт әлсізденер шағым болса,
Жүрек сөзін тілім айтып құтылса.
Бір ғана сөз, бір ғана сөзде тұрған,
Жүрек жайын ұғар әттең жан болса.
Алақанымдағы алақан жылуың,
Жылытып жүр жүрегімді сенші.
Кейіпкері өзің барша жырымның,
Жүрегімді ақ сезімдерге бөлеуші.

Саған деп

Тағдырыма тарту деп,
Қабылдадым әуелден.
Сезімнен бал татсам деп,
Орын бердім көңілден.
Жырлар жаздым саған,
Жайын толғап жүректің.
Назар салшы маған,
Соңындамын сол тілектің.
Жүрегімнен мекен тапқалы,
Қиялымды қытықтар елесің.
Арманың өзің боп биік асқары,
Ғазал жырым боп тізбектелесің.
Сезіміме сенім деп,
Қарап келем әуелден.
Жүрегіме сенем көп,
Қуат алып әуеннен.
Сағынып жүрмін.
Шағалалар шаттанды,
Теңізін таң сайын өбіп.
Мендік жүрек шат болады,
Асыл арманын түсінде көріп.
Сағынып жүрмін,
Жүрегім сыздап сан.
Сағынып жүрмін,
Жүрегімдегі ізгі адам.

        

          Кеткелі жырақ

Юлдуз Улухбекқызы

Бақытты болуға талпына беріңіз,
Мен жоқпын осыған енді сеніңіз.
Кеткелі жаныңыздан жырақтап,
Азайды отырар сәттерім жыр баптап.
Жазғанымның бәрі ақталу бос шатпақ.
Өзгергенмен тұрғын жайым, қаламда,
Екеуміз-ақ осы жер атты үлкен ғаламда.
Жүрегімді алдарқатқан өзім ғана кінәлі,
Аудармаймын және ешкімге өз кінәмді.
Сізді ойлап өткізумен тағы бір күн ауды,
Кеш түсті, қас қарайды, жаңбыр жауды.

         Бақытты болыңызшы

Юлдуз Улухбекқызы

Шаттанып жүргейсіз,
Қуанып күлгейсіз,
Ақ сезіммен адаспай,
Өмірді тілегім сүргейсіз.
Біз бірге бақ таба алмадық,
Жұлдыз боп көкте жана алмадық.
Өткенмен өмір сүрмейді адамдар,
Жасамайық сондықтан ақымақтық.
Бақытты болыңыз менен гөрі мың есе,
Мен қайтпекпін жыр музам күйзелсе.
Мен сізді өбе алмаған шақтарым үшін,
Жылайтыным белгісіз-ау, әлі неше-неше.
Арманға сенгейсіз,
армандай білгейсіз.
Ақ сезіммен адаспай,
Біреуді тілегім сүйгейсіз.

Мейірхан Топанбай,

Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері

Пікір жазу