Ас әзірлеу – 75,7 пайыз, үй жинау – 75,0 пайыз, ыдыс жуу – 76,5 пайыз, кір жуу – 81,5 пайыз, киім үтіктеу – 80,7 пайыз көлемінде әйелдерге жүктелген. Қазақстандықтардың 76,7 пайызы үй шаруасын жүргізуді ерлі-зайыптылардың ортақ міндеті деп есептейді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жүргізілген зерттеу нәтижесі отбасылық рөлдерді бөлудегі дәстүрлі көзқарастардың біртіндеп өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Әсіресе бала тәрбиесіне әкелердің белсенді қатысуы жиі кездесетін құбылысқа айналып отыр.
Дегенмен, отбасы мүшелерінің үй міндеттерін бөлісуінде гендерлік дәстүрлер әлі де басымдық танытады.
Әйелдердің тұрмыстық міндеттердегі үлесі басым күйінде қалып отыр. Мәселен, ас әзірлеу – 75,7 пайыз, үй жинау – 75,0 пайыз, ыдыс жуу – 76,5 пайыз, кір жуу – 81,5 пайыз, киім үтіктеу – 80,7 пайыз көлемінде әйелдерге жүктелген.
Ер адамдар дәстүрлі түрде үйдегі ұсақ жөндеу жұмыстарын (54,6 пайыз), үй жануарлары мен құстарға күтім жасауды (24,1 пайыз), бау-бақша шаруашылығын (20,7 пайыз) өз мойнына алған. Айта кетейік, зерттеуге барлығы 3000 респондент қатысқан.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
