Басты бет » Жаңалықтар » Данияда тұратын қазақ қызы Dragon әскери атағын алды

Данияда тұратын қазақ қызы Dragon әскери атағын алды

Ләйла Аюби Данияда тұрады. Ұлты – қазақ. Хольстебро қаласындағы «Ютландия айдаһар полкінің» курсант-сарбазы. Даниядағы әскери адамдарға берілетін «Айдаһар»  атағын алған жас маман.

Бала күнімнен әскери әлем қызықтырады. Көп кино көремін. Өскенде әскери адам боламын деп армандадым. Қыздар да әскери мамандықты игере алатынын естіп, бірден шешім қабылдадым. Менің таңдауыма ешкім қарсы болмады. Әскерден қашатын ұлдарды естігенде таңғалдым. Бірнеше жылдан бері тұрақты физикалық жаттығулар жасаймын. Бір күнге де үзген емеспін. Белсенділігім әскери оқу орнына емтихан тапсырғанда көмектесті, – дейді курсант.

whatsapp image 2021 06 15 at 16.05.30

Менің оқу орным – HBU (Hærens Basis Uddannelse) әскери базалық дайындық мектебі. Мамандығым – жауынгерлік-сарбаз. Казармамыз «Ютландия айдаһар полкі» деп аталады. Данияда 13 әскери оқу орны бар. Түрлі мамандық оқытады.  Мысалы, соғысатын жауынгерлер мен көпір салатын инженерлер, бомба дайындайтын артиллерия сарбазы да мамандық алып шығады.  Біз тұратын Хольстебро қаласында сарбазды «Айдаһар» деп атайды. Топпен бірге «Айдаһар туры» деген арнайы дайындықтан өтеміз. Ол түнгі 1-де басталады. Жаттығу аяқталғаннан кейін, «H rex» атағы беріледі. Казарма алдында парад өтіп, салтанатты жиын ұйымдастырылады. Сол кезде курсанттарды марапаттап, «Айдаһар» атағын тапсырады. Солардың бірі болғаныма қатты қуандым. Дания қазақтарының арасынан тұңғыш рет әскери атақ алғаныма бақыттымын, – дейді әскери өнерді ерте жасынан меңгерген Ләйла.

Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА,

«Түркістан» газеті

Пікір жазу