Бүгін Азия чемпионатында шаршы алаңға шыққан тоғыз қазақстандық боксшы қыздардың сегізі алтыннан алқа тақты.
Қазақстандық Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта бокстан Азия чемпионы атанды. Дубайда өткен чемпионаттың финалдық кездесуінде ол өзбекстандық Гүласал Сұлтоналиевамен шығып, 4:1 есебімен жеңді.
Назым Қызайбай 51 келіге дейінгі салмақта бокстан Азия чемпионы атанды. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Дубайда өткен турнирдің финалдық кездесуінде әлемнің алты дүркін чемпионы болған, аты аңызға айналған боксшы Мэри Комды 3:2 есебімен жеңді. Жекпе-жек 3:2 есебімен жеңді.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір өкілі Дина Жоламан өзбекстандық Ситора Шогдарованы жеңіп, 54 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалдық кездесу 3: 2 есебімен аяқталды. Осылайша 2016 жылғы Әлем кубогын жеңіп алған Дина Жоламан турнирдің үшінші жеңімпазы атанды.
Владислав Кухта 57 келіге дейінгі салмақта бокстан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Өзбекстан құрамасының өкілі Ситора Турдибековамен кездесіп, төршілердің шешімімен жеңіліс тапты.
Қазақстандық Римма Волосенко Индонезиядан келген Хусватун Хасанаға қарсы шаршы алаңға шығып, 60 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанып ,финалдық жекпе-жекті бірінші раундта-ақ аяқтады. Алдымен Римма қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір өкілі Милана Сафронова 64 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалда ол Үндістаннан келген Лалбуатсаихиді қарсыласын 3: 2 есебімен жеңді.
Сонымен қатар Валентина Хальзова Азия чемпионатының финалында өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді. Ол 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен болатын. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды. Хальзова үшін бұл турнирдегі алғашқы кездесу болды.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалда ол Өзбекстаннан келген қарсыласы Сохиба Рузметовамен кездесіп, оны 5: 0 есебімен жеңді.
Ләззат Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақта бокстан Азия чемпионы атанып , Қазақстанға Дубайда өткен құрлықтық турнирдің сегізінші алтын медалін сыйлады. Финалда қарсыласы үндістандық Анупама болды. Кездесу 3:2 есебімен, қазақстандық боксшы қыздың пайдасына аяқталды.