Басты бет » Жаңалықтар » «САҚТАНСАҢ — САҚТАЙМЫН» ДЕГЕН

«САҚТАНСАҢ — САҚТАЙМЫН» ДЕГЕН

original

Арғы-бергі тарихта жұқпалы індеттің өршуі, адамзатқа төндірген қауіп-қатері мен келтірген зардабы тарихта жазылған. Соның түп арғысына бармай берігісінен, 20-шы ғасырдың басында еуропада бұрқ еткен «испанка» деген атаумен мәлім Испанияда 1918 жылдың жазында таралған вирус жайлы айтсақ, ғалымдардың пайымдауынша одан келген зиян, адам шығыны Бірінші және Екінші дүние жүзілік соғыста өлгендерді қосып есептегеннен де көп дейді. Осыдан-ақ ойлай беріңіз қаншалаған адам, миллиондап қырылып қалғанын.

Иә, одан көп бұрын сонау 1771 жылы оба індеті Мәскеудің халқын қырып кете жаздады. Жалпы жұқпалы індет, вирус деген ауру халқы өте тығыз орналасқан қалаларда пайда болатыны белгілі болды. Еуропа сол сияқты қытай халықтары бір жерге қала салса сол араға тығыз орналасу жағынан алдына жан салмайды. Керсінше көшпенді халықтар, соның ішінде біздің исі түркі, оның ішінде өз қазағымыз да тек көшіп-қонып жүрмеген, қала соққан, бірақ қалаларында халықтың орналасуы белгілі бір тәртіпке бағынған. Оған бір ғана мысал Орапдың іргесінен табылған Жайық қалашығының тарихы, оның орналасуы, одан табылған заттар біздің ата-бабамыздың қала мәдениетін қаншалықты деңгейге көтергеніне көзімізді жеткізіп отыр. Жайық қалашығында базар бір жерде, тұрғын үйлер бөлек, қолөнершілер тұратын жер де өз еркінше бөлек жерде орналасқан, мал, ат қоралары қаладан қашықта, тіпті алыста орналасқан. Көшеде су арықтары жүргізілген. Жасыл желектер мен гүлзар бақтар көп болған. Қоқыс төгетін орындары, арнайы шұңқырлар, олардың уақытымен тазартылып тұратыны бүгінгінің адамын қайран қалдырып жатыр. Сол кезде қалаға мал кіргізуге тиым салынған, атпен де кіріп-шығудың өзіндік тәртібі болған. Онда да ат ішке кірмеген екен. Су жүретін кәріз жолдары, құдықтар бәрі де тазалықтың кепіліндей көрінеді. Ал кезінде еуропада бұрқ еткен оба, сүзек дертінің тез таралуына тығыздықпен қатар тазалықтың сақталмауы бірден-бір себеп болған. Қытайға келейік. Қытайдың Ухан қаласында 11 млн. астам тұрғын тұрады екен, тағы басқа қалаларында 21 млн, одан да көптері бар. Өте тығыз орналасу. Онымен қоса көше-көшесінде ашық базарлар жұмыс жасайды. Оларда не жоқ дейсің, қыбырлап-жыбырлағанның бәрі де ас. Кеше орыстың ең мықты деген эпидемиолог ғалымдарын тыңдадым. Сонда медицина ғылымдарының докторы Виктор Зуев айтады, «Қытайдың кез-келген асханасы мен дәріханасына барсаңыз, ол ара — зообақ (зоопарк) не жоқ дейсің, жер бетіндегі аң мен құстың, жыбырлаған жәндіктің бәрі сол жерде». Ғалымдар қытай асханасында тамақты шикі пісіру мен шикілей жеу дәстүрі орын алғаны адам денсаулығына аса қауіпті екенін айтып отыр. Мұны атам қазақ баяғыдан біледі және аң мен құсты, балықты, басқа да тамаққа жарайтынның тек адалын пайдаланған. Сонау ғасырда өмір сүрген қытай ханшайымы Даяның мумиесі сақталған, соны зерттеген ғалымдар ханшайымның немен тамақтанғанын тапқан, шикілей ас жеген, жылан, тб қоректенген, ағзасында түрлі зиянкес паразиттер өріп жүргені анықталып отыр. Бел омыртқасы иілмеген, ота жасатқан, ақыры елуге жетпей опат болған екен. Уақытымды бөліп, сондай ірі ғалымдар: Александр Горелов, Геннадий Онищенко, Павел Воробьев, Дария Дониленко, Елизавета Смородинцева және биология ғылымдарының докторы: Андрей Летарев тағы басқаларын тыңдадым. Барлығы да бұл короновирустың бұрын-соңды болмаған індет екенін, одан жаппай сақтану керектігімізді айта келіп, тазалықты бірінші орынға қояды. Тіпті адаммен амандасып болғаннан кейін қолыңызды дымқыл сулықпен, әлде сабын болмаса да сумен жуып-шайыңыз деп ақыл-кеңес береді. Мұны қазақ олар айтпай-ақ та біледі ғой. Ата-баба тәрбиесі һәм ислам мәдениеті бізге тазалықты бала кезімізден үйретеді. Қазақ «Ас адамның арқауы» дей тұрып, соған керсінше «Ауру — астан» деп те айтқан. Екекуі бірін-бірі толықтырады. Алдыңғысы адал ас, мөлшерден көп емес, қанағатпен сүйсініп ішкен ас-судың адам ағзасына пайдалы екенін айтса, екінші сөзде арам астың, не мөлшерден көп ас-судың аурудың шығуына түрткі болатынын меңзеп тұр. Мұны мыңжылдық тарихы бар қытай ғалымдары білмейді, білсе де олардың сау ақылға салып таразылауға санасы жетпейді, себебі оларда дін, иман, қанағат деген ұғымдар жоқ қой. Өтебойдақ Тілеуқабылұлы (қазақтың шипагер ғалымы, тарихшысы) қытай медицинасына жақсы таныс есім болғанмен, тіпті олар оның атында бір зерттеу орталығын ашып, ғалымның «Шипагерлік баянын» басшылыққа алып жатқанмен одан сабақ алмаған екен, Тілеуқабақ Әз Жәнібек хан халықмның өсімін қайтып артырамын дегеніне былай деп айтқан екен, хан ием, қазақ пен қазақ орынсыз кез-келген жерде қол алысып амандаспасын, бір-бірінің бетінен сүймесін, осыны жолға қойсаңыз, сөзсіз халықтың өсіп-өнуі артады деп. Ғалым бұл арада жұқпалы індеттің қалай таралатынын жақсы білгендіктен оның жолын қиып тұр. Қазір қытай мен әлем ғалымдары анық көз жеткізді, короновируспен ауырған адам, бойында соның белгісі бар кісі қоғамдық көлікте бір жерге саусағының ұшын тигізсе, сол жерді артынша басқа адам келіп ұстаса, вирусты жұқтырып алуы мүмкін екен. Міне, мәселе қайда жатыр? Өтебойдақ атамыз короновирусты білмеген, бірақ жұқпалы індеттің таралу жолын өте жақсы білген. Биология ғылымдарының докторы Елена Караева деген ғалым айтады, пластикалық ыдыстарда короновирус белгілері 48 сағатқа дейін күшін сақтайды деп, сол сияқты темір заттарда 12 сағаттан 24 сағатқа шейін өмір сүреді екен. Басқа да заттарға короновирус жұқса, оның күшін жоймай жатуы бірнеше сағатқа созыла береді екен. Анатолий Брушков, Николай Львов деген мелицина ғылымдарының докторларының және Виктор Зуевтің пікірінше 2003 жылғы және 2012 жылғы жұқпалы індетті ғалымдар, дәрігерлер бірнеше айдың ішінде толық зерттеп, әрі кетсе 3-6 айдың айналасында оны ауыздықтайтын дәріні ойлап тапқан. Иә, ол індеттер белгілі: құс тұмау мен шошқа тұмауы ғой. Бірақ оларда тәж, яғни вирусты сақатап тұрған домалақ доптың өн бойын қаптаған «корона», тәж болмаған болатын. Ал мынада тәж бар, домалақтың ішінде спирал құсаған ұзынша вирустың өзі жасырылған. Адам ағзасына түскен короновирустың әрі тәжі өзінше әрекет ете бастайды, жолындағы бөгеттерді күйретіп, вирус сақтаушы доп жарылып, дырайды да оның ішінен вирус шығып, ағзаға тас кенедей жабыса кетеді. Өкпені бүлдіруге кіріседі. Тыныс жолдарын бітеп, ағзаны әлсіретіп, қызудың көтерілуіне апарып, адамды өлтірмей тынбайды екен. Және бір вирус «балалап» жүзге, мыңға, млн-ға ұласады екен. Ғалымдардың айтуынша сол 2003 жыл мен 2012 жылдан бермен жер жүзінде жалпы ваксинация болмаған. Енді бұл короновирусқа қарсы дәрінің өзі әлі табылған жоқ. Сондықтан ваксинация жайлы сөз қозғаудың өзі артық әрі оған қарсы ваксинация қажет те болмайтын секілді деген пікір айтады, індеттің «мінез-құлқы» қызық көрінеді, ғалымдар соны түсінбей бастары қатып отыр. Мен сондай-ақ медицина ғылдымдарының докторы Антон Катлинский,  медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Алешкин және бір доктор, профессор Дмитрий Никофоровты тыңдап едім, біз қоладынып жүрген дәріханалық маска короновирустан адамды қорғауға әлсіз дейді, ол тек адамның түшкіруі, жөтелуі кезіндегі айналаға тарауы мүмкін зиянды таратпайтын қорғаныш қана, сырттағыны ішке жібермей қалуға дәрменсіз дейді. Ол үшін бұдан өзге маска керек болады дегенді айтты. Және ғалымдар ең бастысы жеке бастың тазалығын сақтау дегенге жиі орала берді. Біз де тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде айтарымыз орынсыз қорқудың, үркудің қажеті жоқ, адам тазалық сақтасын, мұсылман баласы мейлінше Алланы еске алып, «Биссмилля рахмаир рахимсыз» ас-су ішпесін, киім-кишегін сол мың пәледен қорғайтын сөзсіз кимесін, тысқа шықса да,үйге кірсе де құдайға сиынып, тазалығын сақтап жүрсін және орынсыз қол алысулар мен сүйісулерден тиылсын, бұл сақтық амалдары. Сосын көшеде қақырып-түкіру секілді мәдениетсіз қылықты біржола тию қажет. Қала болсын, ауыл болсын, оның көшесі де сіз бен біздің үйіміз тәрізді таза болуы керек жер. әрі бұл жерді біз «ЖЕР-АНА» деп бекер айтпаймыз, ендеше анамыздың бетін бүлдірмейік, таза сақтайық! Алла-Тағала бізге: «Сақтансаң — сақтаймын» деген, Алла алдындағы парызымызды ұмытпайық, әр күнгі, әр сәткі дұға-тілегіміз елімізге, жерімізге, және адамзатқа аман-есендік тілеу болсын! Сөзімнің соңында айтарым, мұсылман баласымыз ғой, мейлінше ғұсыл алып, ал дәретті үзбеуге тырысып сосын Алланың көркем есімдерін қайталап жүруді жақсы ғадетке айналдырсаңыз ол сізге денсаулық, жақсы көңіл-күй, зор рухани және материалдық байлық болып үсті-үстіне еселеп қайтып жатыды. Адамдарға жылы шыраймен қарап, Алланың сәлемін таратып және Алланың «Әс-Сәләм» есімін жиі айтып жүрудің өзі адамға аса пайдалы. Оны еш қиналмай іштей, көңілмен, жүрекпен қайталай берсеңіз сол жетеді. Тек таза жерде ғана. Сіздің ақ тілеуіңізді Жасаған Алла қабыл алсын! Қазақстан һәм адамзат баласы, әлем аман болсын! Әумин!

Мұнайдар Балмолда,

«Фейзбук» парақшасынан

Пікір жазу