Басты бет » Жаңалықтар » Шет елдегі қазақстандық магистранттарға қатысты видеоны тексеру үшін комиссия құрылды

Шет елдегі қазақстандық магистранттарға қатысты видеоны тексеру үшін комиссия құрылды

2020011505132772Шет елде тағлымдаман өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видеоны тексеретін комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы сайтына сілтеме жасап.

ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2019 жылы қарашада шет елдегі тағлымдаман өту кезінде академия магистранттарына қатысты 13 қаңтарда YouTube желісінде жарияланған видеоматериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды.

«Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешуге, тексеріс қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шет елдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі» делінген баспасөз баянында.

Баспасөз қызметі, оқу жұмысы мен шет елдегі тағлымдаманы ұйымдастыруға жауапты бірқатар тұлғалар қазіргі кезде академияда жұмыс істемейтінін де алға тартады.

Мәселен, олар: ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан оқу және ғылыми жұмыс бойынша вице-ректор Н.Р.Раззак, 2019 жылдың 9 қазанына дейін Академия ректоры міндетін атқарушы; 2019 жылдың 3 желтоқсанынан халықаралық ынтымастық сұрақтары бойынша жетекші ғылыми қызметкер А.К.Әбікеева; 2019 жылдың 12 желтоқсанынан Жоғарғы оқудан кейінгі институттың бас сарапшысы Л.Е.Төлеп. Сондай-ақ, 2019 жылы қазан айында академияға З.Х. Баймолдина ректор болып тағайындалғанын айта кету керек.

«Видеодағы тұлғалар академияға 2 жыл бұрын түскен. Олар түрлі мемлекеттік органдардың, негізінен министрліктердің және ведомствалардың қызметкерлері», делінген хабарламада.

Екіншіден академияның дипломы мен оқуы магистранттардың судья лауазымына автоматты түрде тағайындалмайды. Олар басқа да кандидаттар секілді заңда көрсетілген Жоғарғы Сот Кеңесі өткізетін барлық конкурстық рәсімдерден өтеді.

«Үшінші, егер бұрын әрбір төртінші үміткер конкурстан сәтті өтіп судья ретінде тағайындалған болса, 2019 жылдан бастап қатаң тәртіп енгізілгеннен кейін конкурстан үміткерлердің әрбір жиырмасыншы ғана өтеді. Жақын арада тексеріс нәтижесі және академия ректоры қабылдаған шешім туралы мәлімдеме жасалынады», делінген хабарламада.

https://qazaquni.kz/

Пікір жазу