Басты бет » Жаңалықтар » Денизлідегі қазақ жастары бас қосты

Денизлідегі қазақ жастары бас қосты

79908461_2727870070625259_4021511998188552192_o

Ай, бір басы қосылуы қиындау бұ қазақтарды сенбінің тәтті ұйқысынан жұлып оятқан бір құдірет бар: ол – елдің тәуелсіздігіне деген құрмет! Ұлт тарихына деген тағзым!

Бұдан да көп едік, отыздайымыздың өзі жинала алуымыз не тұрады?! Мұндағы қазақ жастарының ата-анасындай болып кеткен Şefika Hasan Baysal ортамызды толтырды.

Иә, біз кешке емес, таңертең бас қостық. Таныстық, білістік, әркім өз әсерін айтып жатыр, қалжыңдар айтылды, күй тартылды, қысқасы қызық болды!

Рақмет барлығы үшін! Келе алғандарың үшін, бірге болғандарың үшін! Орын таңдап, мұны ұйымдастырған Ерасыл, Әділ, Бейбарыс, Бекарыс бауырлар мен Балсан, Бану қарындастарды тәңір жарылқасын дейміз!

«Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,
Мен сөйтіп рахаттанып бір күлемін.
Кім білсін, талай күнгі тілегім ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның» дегендей ғой көңіл күй!

Заңғар Кәрімханның 

facebook парақшасынан

Пікір жазу