Басты бет » Жаңалықтар » Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтуде

Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтуде

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Көрме» орталығында әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер қатысатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы басталды.

IMG_0070

IMG_0145

IMG_0158

Екі күнге созылатын көрме-байқаудың ұйымдастырушысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Биыл көрмеге 153 отандық кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» сынды аталымдар бойынша өз өнімдерін халық назарына ұсынуда.

Көрме-байқаумен қоса «Атамекен» ҰКП Азия Даму Банкі, Қазақстан қолөнершілер одағы және Ұлттық курорттық қауымдастықпен бірлесе отырып «Ұлы дала елі» форумын өткізетін болады. Бұл жерде отандық қолөнершілер, халықаралық спикерлер, шетелдік елшіліктер, сауда-өнеркәсіп палаталары мен отандық және шетелдік сауда желілері, өнім дистрибьюторлары жиналады.

Форум аясында екі көрме өтетін болады. Біріншісі – 70-ке жуық қолөнер шеберлерінің өнімдері ұсынылатын Дәстүрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі. Олардың арасындағы ең танымал шеберлер қолөнердің әр түрлі бағдары бойынша көрмеге келушілерге арнап тегін шеберлік сағаттарын өткізеді (күмістен, былғарыдан, саздан, киізден бұйымдар жасау және т.б.). Ал екіншісі – Сауықтыру және медициналық туризм көрмесі. Басты мақсат – келушілерге Қазақстандағы сауықтыру және медициналық туризмнің барлық мүмкіндіктерімен таныстыру. Барлық отандық санаторийлер мен балшықпен емдеу орындары, минералды көздердегі пансионаттар мен демалыс орындары, минералды және асханалық суды өндірушілер, SPA, үздік медициналық және оңалту орталықтары келушілерге өз өнімдері мен қызметтерін таныстырады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары тауар өндірушілермен танысып және өндірушілердің өздері ұсынған бағада тауарларды төмен бағамен сатып ала алады. Көрмеде нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, текстиль және киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және т.б. қазақстандық тауарлар ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, көрмеге келушілер еліміздің ең үздік сауықтыру орындарына жолдамалар және бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады, ал жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне ең тиімді бағамен келісім-шарттар жасаса алады.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауынан фоторепортаж

IMG_20191011_131333

IMG_0217

IMG_0444

IMG_0437

IMG_0305

IMG_0315

1

2

IMG_0356

IMG_0612

IMG_0486

IMG_0478

IMG_0616

IMG_0315

Пікір жазу