Жаздың шуақты күндерін теңіздің жағасында өткізу отандастарымыз үшін дәстүрге айналған. Еліміздің шұрайлы жерлерін қаншама жарнамаласақ та көпшілік шетелдерде демалғанды дұрыс көреді. Өйткені бағасы жағынан айырмашылық аз, ал қызмет көрсету деңгейі көк пен жердей. Сонымен, биылғы жазда қазақстандықтар қай мемлекеттерде демалып жатыр?
Түркия
Түркия – қазақстандықтар ең жиі баратын мемлекет. Оның бірнеше себебі бар. Бағасы қымбат емес, ал қызмет көрсету деңгейі жоғары, жайлы қонақүйлермен қатар, тарихи орындар өте көп. Балаларға да тамаша жағдай жасалған. Демалыстың барынша қызықты өтуі үшін ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылады. Түркияға бір рет барған адам бірнеше рет қайта оралады екен.
Тайланд
Тайландқа көбіне жастар жағы көп барады. Өйткені бұл корольдіктің құрамына көптеген шағын аралдар кіреді. Жағажайда жатып, күнге қыздырынып қана қоймай қаншама қызықты жерлерді аралауға болады. Жан-жануарлар мен өімдіктердің, жеміс-жидектердің түр-түрі бар. Тайландта SPA салондар да, массаждың түр-түрін шебер меңгерген мамандар өте көп. Бұл жыл бойы жұмыстан жүйкесі шаршағандар үшін өте қажет қызметтің бірі.
Египет
Солтүстік Африкада орналасқан бұл елде туризм саласы жақсы дамыған. Әсіресе тарихи орындар саяхатшылардың назарын аударады. Аты аңызға айналған пирамидалар, сарайлар мен ескі қалалар. Тіпті, шөл даланың өзі келушілер үшін қызық.
Дубай
Дубай – ең алдымен алып ғимараттарымен, таза жағажайымен, ірі сауда орталықтарымен ерекшеленеді. Дубайда демалу үшін біраз қаражат керек. Өйткені көздің жауын алатын дүкендерден сауда жасамай шығу мүмкін емес.
Еуропа
Кәрі құрлықта демалуды көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен, Францияның зеңгір жағалауына, Испанияның аралдарына, Германияның Альпі тауларының баурайларына, Италияның тамаша жағажайларына барып демалушылар аз емес.
Суреттер ғаламтордан алынды