Басты бет » Жаңалықтар » Баян Алагөзова қазақтың Қыз Жібегіне пәтер сыйлады

Баян Алагөзова қазақтың Қыз Жібегіне пәтер сыйлады

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға бұған дейін өзі уәде еткен пәтерін сыйлап, одан бөлек Түркияға жолдама тарту етті.
Фото: www.zakon.kz
Өнер иесі сол бір қуанышты сәттің бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Баян Алағөзова бұл сыйлықты осыдан екі жарым ай бұрын уәде еткенін айтып, пәтерді әртістің талғамына сай етіп толық жөндетіп, барлық қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы қойып берген. Әрі белгілі суретші салған Меруерт Өткешованың «Қыз Жібек» фильміндегі бейнесіндегі картинаны тарту етті.
“Біз сізге ештеңе ойламай-ақ келіп, бірден тұра беретіндей үй дайындауға тырыстық. Дизайнын өзім ойластырдым. Барлығы жайлы әрі тыныш атмосферада болғанын қаладым. Сіз жақсы көретін хрусталь шамдарды арнайы таңдадық. Осы картинаға арнайы тапсырыс беріп, сүйікті суретшім Ботагөз Ақанаеваға салдырдым. Бұл пәтерді екі ай бойы дайындадық”, – деді продюсер.
Пәтерді аралап шыққан Меруерт Өтекешова қуанышын жасыра алмай, мұндай сыйлық күтпегенін айтты.
Әлеуметтік желі қолданушылары продюсердің әрекетіне ризашылық білдіріп, жылы лебіздерін арнауда