«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы шетелдерден келіп Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан, сондай-ақ шетелде тұратын қандастарымызды «Зерен-2019» Республикалық жастар жазғы лагеріне аттандырылды деп жазды «Отандастар қорының» Instagram парақшасында.
Бір апталық ауқымды бас қосу шарасына Ресей, Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен жиырмаға жуық белсенді қазақ жастары жиналды.
«Зерен-2019» Республикалық жастар жазғы лагерінің мерзімі:
І маусым — 10-20 шілде, ІІ маусым — 20-30 шілде, ІІІ маусым — 1-10 тамыз. Лагерь бес бағыт бойынша өтеді:
* Кәсіпкерлік, * Жасыл экономика, * ІТ-саласы, цифлау, *Жаңа медиа, шығармашылық экономика, * Көшбасшы және азаматтық қоғам. Қатысушылар саны: шетелдік қазақтар үшін 60 орын. Жас аралығы: 18-26 жас