Басты бет » Тіршілік ырғағы » «ҚАЙСАР»  ПАТРИОТТЫҚ ЛАГЕРІНДЕГІ СПАРТАКИАДА

«ҚАЙСАР»  ПАТРИОТТЫҚ ЛАГЕРІНДЕГІ СПАРТАКИАДА

EZQF1399Батыс Қазақстан облыстық «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер лагерінің базасында «Қайсар» патриоттық шатырлы лагері ұйымдастырылды. Орал қ.ПБ басшы құрамы және жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастықтары бұл жолғы демалыс сәтіне басқармада есепте тұрған өнегесі төмен отбасының балаларын таңдап алды. Мақсат – жас күнінде шалыс басып, түрлі ұсақ құқықбұзушылыққа жол берген немесе мектепке бармай, білім алуға құлықсыздық танытқан жасөспірімдерге көңілді демалыс сыйлау болатын. Жасөспірімдердің бойындағы патриоттық сезімді ояту, замандастарымен еркін пікір алмасуға мүмкіндік туғызу, табиғат аясында серуендету, жеткіншектің ойымен санасу, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу және ұжымдасып жұмыстануға баулу болатын.  Осынау мақсат  өз мүддесіне  жетті.BEGJ5339

Олай дейтініміз, «Қайсар» патриоттық лагерінің жабылу салтанатында спорттың түр-түрінен спартакиада ұйымдастырылып, барлық жасөспірім шеберліктерімен мақтанып бақты.  Олар командаларға бөлініп жарысты, алыс қашықтыққа жүгірді, граната лақтырды, мергендіктерін сынап мылтықтан нысана көздеп  атты.  Күркені санаулы уақытта құру немесе қайтадан бұзу, тоғай ішінде алау жағып  ас пісіру сынды турлардан бақтарын сынады. Барлығы  бір кісідей жеңіс тұғырына ұмтылды. IMG_0047

Спартакиада нәтжесінде 1 орын №46 орта мектептің оқушысы Абат Ихсановқа, №22 орта мектептің оқушылары Ернар Илесханға, Данияр Усаховқа, №45 орта мектептің оқушысы Ермек Утегенге берілді. 2 орынмен №49 орта мектептің оқушылары Бексұлтан Азамат, Руслан Аманғалиев, Нұрберген Жексенов, Әділет Талаптияров марапатталды. 3 орын Серебряково орта мектебінің оқушысы Алихан Қаракенжиевке, Круглоозерное орта мектебінің оқушысы Эльдар Тулебергеновке, №47 орта мектептің оқушысы Алихан Нұрланұлына, №9 орта мектептің оқушысы Темірхан Жумиевке тапсырылды.

– Жазғы демалыста жасөспірімдердің демалысын осылайша ұйымдастырып, лагердің жабылуына қарсы спартакиада өткіздік. Барлық жасөспірім ынталы қатысты. Орал қ.ПБ ЖПҚб атынан алғыс хатпен марапаттап, барлығына балмұздақ пен тәтті шырындар, тәттілер үлестірілді. Бала қуанса, тәртіпті жолға түссен біздің де қызметіміздің нәтижелі болғаны, – дейді Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Пікір жазу