Басты бет » Тіршілік ырғағы » Д. Абаев: Теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі

Д. Абаев: Теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі

Президент сайлауы алдында кандидаттар арасында өтетін теледебат туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев:

– Менің білуімше, теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі. Кандидаттар өзара пікірталасқа түседі, –деді.1_106673_1

Қазақстанда кезек былайтен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ел Президенттігіне 7 үміткер тіркеліп, қазір үгіт-насихат шараларын бастап кетті. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;

Пікір жазу