Басты бет » Керек дерек » Шабдалы жеп жүріңіз

Шабдалы жеп жүріңіз

7e464a66f05894d732635f45b23f3a87

Жасартатын қасиеті бар

Шабдалы темір, кальций секілді толып жатқан минералдар мен дәрумендерге өте бай. Шабдалыны жиі тутыну арқылы көз көру қабілетін жақсартып, тері саулығын қалпына келтіруге болады. Бетке әжім түсудің алдын алып, ас қорытуды жақсартады. Дәрігерлер оның құрамында ағза үшін аса маңызды заттар, мысалы, пектин мен эфир майы, сүйегінде бадам майы мен амигдалин мол болғандықтан, әлсіреген не ота жасалған адамға шабдалыны көбірек жеуге кеңес береді. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл заттар ағзаны қайта қалпына келтіреді. Жүрек бұлшық етін нығайтады. Асқорытуды жақсартады. Иммунитетті көтереді. Қуық тастарын тазартады. Іш қатқан жағдайда көмектеседі екен. Сонымен бірге, жүрек қан-тамырлары аурулары мен аритмия, анемияға шипасы мол. Шаршағанды басып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Терінің  жасаруы  мен ағаруына да әсері мол. Қандағы гемоглобин құрамын арттырады.

Кейде шамалап жеу керек

Шабдалыдан тосап, нәрсу, джем жасалатыны және оның тіл үйірер тәтті болатыны айтпаса да белгілі. Айтпақшы, шабдалы қарайып кетпес үшін оны тұтынар алдында ғана тураған жөн. Егер жеміс қатты болса, бір-екі күн бөлме температурасында ұстай тұрыңыз. Осыншалық көл-көсір пайдасы бола тұра, кей сырқатқа кері әсері жоқ емес. Мысалы, аллергиясы бар; қант диабетімен ауыратындарға; тез семіруге бейім адамдарға; асқазан қышқылы жоғары адамдарға шабдалыны жерде аса мұқият болу керек.

images

Майы да пайдаға асады

Фармацевтика саласында шабдалыны пектиндер мен эфир майын алу үшін қолданады. Ал біз жемісті жеп болысымен, лақтырып жіберетін сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды екен. Сонымен бірге, майы бет күтіміне арналған құрал ретінде пайдаланылады. Оның көмегімен әртүрлі маскалар мен иісмайлар жасалады. Шабдалы майының құрамына бетке пайдалы майлы қышқыл элементтері кіреді. Егер теріңіз құрғақ, аса сезімтал болса, әртүрлі ісіну мен аллергия бейім болса, шабдалы майын пайдалануыңызға болады.

Пікір жазу