Басты бет » Жаңалықтар » Жастар «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады

Жастар «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады

Республика күні қарсаңында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мемлекеттік Туды дәріптеуге бағытталған «Менің Елім – Менің Туым» акциясын бастады.


25 қазанға дейін еліміздің барлық өңірінде өтетін бастамаға жастар, кәсіпкерлер, спортшылар және белсенді азаматтар қатысады.
Акция аясында 5 мыңға жуық мемлекеттік Туды тұрғын үйлерге, автокөліктерге, кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық орындарға орналастыру жоспарланған.