Басты бет » Топжарған » Қазақстандық киберспортшы Мальтада өткен CS2 турнирінің жеңімпазы

Қазақстандық киберспортшы Мальтада өткен CS2 турнирінің жеңімпазы

Фото: danil.molodoy_ инстапарақшасынан
Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) өнер көрсететін FURIA командасы Thunderpick World Championship 2026 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Jastar janary.
Мальтада өткен Counter-Strike 2 турнирінің финалында FURIA қарсыласы BETBOOM командасын 3:2 есебімен жеңді. Тартысты кездесуде қазақстандық ойыншы 85 қарсыласын жойып, командасының жеңісіне зор үлес қосты.
Осылайша, FURIA екінші жыл қатарынан чемпиондық атағын қорғап қалды. Ал команда 500 мың доллар (шамамен 227 миллион теңге) сыйақы алды.
Айта кетейік, 20 жастағы Данил Голубенко 2025 жылдың көктемінен бері бразилиялық FURIA командасының намысын қорғап келеді.
Ақпарат: Almaty Aqshamy