Басты бет » Жаңалықтар » «Ақтөбе» мен «Ордабасы» матчында жағымсыз мазмұндағы плакат ұстаған қыздар жауапқа тартылды

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» матчында жағымсыз мазмұндағы плакат ұстаған қыздар жауапқа тартылды

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасында болған ҚПЛ матчы кезінде екі жасөспірім қыздың жағымсыз сөздер жазылған плакат ұстап шыққан бейнежазбалар мен фотосуреттер әлеуметтік желіде тараған болатын. Кейін қыздар кім екендігі анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Jastar janary.

Аktobe_live арнасының жазуынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «Ақтөбе» және «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезінде кәмелетке толмаған қыздардың жағымсыз мазмұндағы плакат ұстағаны бейнеленген фотолар анықталды.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады. Ата-аналарының қатысуымен олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қыздардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған қыздар өз әрекеттерінің заңсыздығын түсінді.

Полиция ата-аналарды балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, оларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін және құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруге шақырады.