
Жасөспірімдердің онлайн-платформаларды бақылаусыз пайдалануы олардың психологиялық жағдайына, ұйқы сапасына және зейініне кері әсерін тигізеді. «Әділет» фракциясының депутаты Жанарбек Әшімжан Құрылтайда Премьер-Министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерде тіркелуін заңнамалық деңгейде шектеуді ұсынды.
Бұған мектеп оқушылары арасындағы интернеттегі буллингтің екі есе өсуі және гаджетке тәуелділікке қатысты алаңдатарлық статистика себеп болды. Жас шектеуінен бөлек, депутаттар балалардың дербес деректерін қорғау жүйесін құруды және мектептерде медиасауаттылық бойынша міндетті курстар енгізуді ұсынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы