Басты бет » Руханият » Қиял көгіндегі қыран құс!!!

Қиял көгіндегі қыран құс!!!

асаубек

Асаубек Айымбетовке

Жалғандағы жақсы жандардың бəрі – ана мейіріміне қанғандар, ана мейірімінен қуат алғандар. Сол қуатпен көк жүзіне қыран боп самғай алғандар. Соның бірі – сізсіз! Асау аға, Айпер ханум бірде ұлын шақырып алып, «бақыттың биігі — анаң. Пенде баласының бағы – анасы. Анасыз ешкімді тəңірім қалдырмағай, асылдың асыл болып жарқылдауы ана тəрбиесінен. Əке қаттылықпен қайрайды. Ана жан жылуымен перзентін аялайды. Ғұмыр есігін ашқан жүректі алғаш аялайтын да сол – ғазиз ана!!!
Парсылар, «ана – басыңдағы тəж, жүрегіңдегі жаққұт, қиялыңдағы күн, ғұмырыңдағы сен сүйер ғазал үн»  дегенінің өзінен біраз нəрсені аңғартса керек. Перзентінің арманына шырақ болатын, перзентінің тағдырына алаң болатын, перзентімен бір қуанып, жақсылығына шаттанатын хəм перзенті үшін уайым шегіп, ой орманында адасатын – ана. Ұлым, сен шыққан биік екеумізге тиесілі. Құлдыраудан тəңірім сақтағай. Ғазиз жүрегіммен тілеуіңді тілеймін. Ана əлдиін алмастырар дүние де құдірет жоқ. Ұғын, ана мейір-пейілін. Ана – жалғыз. Анасын қуантқан ұл – алтын жүректі азамат! Ана қуанышы – сенің қуанышың».
Ғаламдағы ең қымбатыңызға басымды иіп, алғыс айтамын. «Елдің ұлын тəрбиелеу – текті ананың ғана қолынанан келер» дегенді Мəулана өмірді танып айтқан. Сіздің анаңыз текті жан, сізге тектілік дарытқан.

(Жалғасы бар)

****

Үзік жыр!!!

                           Қымбатсыз!!!

ана

Айпер ханум
(Асау ағамның анасына)

Қиял көгінде күн,
Арман өріне гүл,
Таңғажайып үн,
Бейне ерке бұлбұл.
Қымбатсыз əркез,
Құштар көрісуге көз.
Жан жүрегім тербер,
Сіз айтқан əрбір сөз.
Ғұмыр тіледім сізге,
Тілекші жан бізге.
Бақытыма мəн анам,
Күтетін əр күн үйде.
Айналып қанатыма,
Қарайтын қабағыма.
Жалғандағы ең жақын,
Қамқорым – жалғыз ана!!!

Мейірхан Мейрамбекұлы

Пікір жазу