Нариман Құрбанов үйленген соң да спортты жалғастырып, алтын алудан үмітті. Бұл туралы 1bol.kz арнасы жазды. Фото әлеуметтік желіден Спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбанов алдағы жоспары туралы айтты. Спортшы енді отбасын құрмақ. Сүйіктісіне төртжылдықтың бас додасында мақсатына қол жеткізіп, шаңырақ құратынын айтып уәде берген екен. «Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың ...
Толығырақ »Топжарған
Головкин Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Курбановты құттықтады
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Ат снаряды жаттығуында сынға түскен қазақстандық спортшы 15.433 ұпай жинады. Нариман Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынап отыр. Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады. «Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан ...
Толығырақ »«Төрелік әділ болғанын қалаймыз»: Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне байланысты шағым түсірді
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді. Фото: el.kz «Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске ...
Толығырақ »«Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер?». Бақыт Сәрсекбаев бокс федерациясын сынға алды
Ол қазақ боксшыларының дайындығына күмәнмен қарады, деп жазды Jastar janary порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. Фото: instagram.com/b.sarsekbayev Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан 57 келіге дейін салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. Осыған қатысты Бейжің Олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді. «Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта тыныс алулары қиындап, рингте әзер жүр. Соққы тым ...
Толығырақ »ҚАРШАДАЙ ҚЫЗ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Алматы қаласында дүбірлеп өткен Қазақстан чемпионатында қанжығамыз майланды. Аудандық, облыстық кезеңнен сүрінбей өтіп, өңір намысын республикалық деңгейде қорғаған Теректі аудандық, Покатилов орта мектебінің оқушысы Яна Милосердная жүлделі 1-орынға ие болып, жазғы чемпионаттың Президенттік көпсайысында Қазақстанның абсолютті жеңімпазы атанды. Қаршадай қыз Яна Ярославовна аталмыш спорт түрінен «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын алып, алса, алғандай, талай жарыста үмітті ақтап келеді. Бұл туралы ұстазы ...
Толығырақ »Белгілі кәсіпкер Әбибаға стипендия тағайындамақ
Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне алмаған дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтып көзіне жас алып, жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Әбиба Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді. «Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік… Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады — ред) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін ...
Толығырақ »Алматыда Олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында Жастар спартакиадасы өтті
XXXIII Жазғы Олимпиадада ұлттық құраманы қолдау мақсатында Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасы «Рух Марафон» спартакиадасын ұйымдастырды. Алатау ауданының жүздеген тұрғыны қатысты. Ересектер де, балалар да өздерінің физикалық дайындықтарын байқап көрді. Іс-шара бағдарламасына эстафеталар, командалық ойындар, кәсіби жаттықтырушылардан шеберлік сабақтары, жүгіру кірді. Айта кетейік, Қазақстан аумағында XXXIII Париж Олимпиадасын көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді. Сондай-ақ қазіргі уақытта Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ...
Толығырақ »14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды
Осылайша, Жапония командалық есепте бірінші орынға шықты, деп жазады Jastar janary порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. Фото: JULIAN FINNEY/GETTY IMAGES Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ерекше нәтиже тіркелді. Скейтбордшылар арасында жеңіс тұғырына үш бірдей жасөспірім спортшы көтерілді. Ал араларында 14 жастағы жапон Коко Есидзава жеңімпаз атанды. ХОК мәліметінше, жапон қызы 272,75 ұпаймен стрит бағдарламасында топ жарды. Олимпиада ойындарының күміс ...
Толығырақ »«Алтынға таласады»: гимнаст Нариман Курбанов пен Милад Карими финалдық кезеңге жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын Нариман Курбанов пен Милад Карими жарыстың іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. Курбанов гимнастикалық атта өнер көрсетуде Олимпиада алтыны үшін таласады. Іріктеу кезеңінде ол 15.000 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Жекелей сында финалға сегіз гимнаст шыққанын айта кету керек. Карими болса жекелей көпсайыста финал жолдамасын алған. Сонымен қатар, ...
Толығырақ »БҮГІН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ТҰТАНАДЫ
Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта өтеді. Яғни, спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды. Іс-шараның көркемдік жетекшісі — театр режиссері Томас Жолли. Ашылу салтанатына 3000 өнерпаз қатысады, ...
Толығырақ »