Басты бет » Жаңалықтар » Назым Қызайбайға 100 мың АҚШ доллары мен Алматыдан пәтер табысталды

Назым Қызайбайға 100 мың АҚШ доллары мен Алматыдан пәтер табысталды

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Сербияда өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Атап айтқанда, чемпиондарға 100 мың, ал күміс және қола жүлдегерлерге 50 мың және 25 мың доллардан табыстады. Олардың бапкерлері де назардан тыс қалған жоқ.

Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да Қазақстан бокс федерациясы 100 мың доллар сыйақы иеленсе, Алматы қаласының әкімдігі пәтер кілтін табыстады.

Барша құттықтауларға алғысын білдірген чемпион бейнежазба жариялап, рахметін айтты.

«Бүгін мен үшін өте қуанышты күн болды. Бізге көрсетіліп жатқан барлық құрмет, сый-сияпат, марапаттар қаншама жылғы еңбектің арқасында деп білемін. Ештеңеге қарамастан мақсатқа жетуге еңбектенгенімнің арқасында деп білемін. Бұл тек менің емес, мені дайындаған жаттықтырушымның, бүкіл құрама ұжымының арқасында деп білемін. Сондықтан ұлттық құрамаға, жаттықтырушыларыма үлкен алғыс айтамын. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Алда да үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Барлықтарыңызға құттықтауларыңызға үлкен рахмет, достар!» – дейді әлем чемпионы Назым Қызайбай.

«Құтты болсын! Еңбегің зор! Енді тұрмыс құр. Бақытты бол!», «Назым барлық сый-сыйапаттар марапаттар құтты болсын! Еңбегiн зор. Бақытты бол! Олимпиада чемпионы болуға Алла тағала нәсiп етсiн!!!», «Құтты болсын! Қазақ халқының мақтанышы, Алтын қыз алар асуың, бағындырар белесің көп болсын! Олимпиада чемпионы болуды Алла нәсіп етсін!» деп жазып жатқан жанкүйерлерінің қатары көп.