Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Мадияр Бейсенбеков – білім мен ғылымның шыңына ұмтылған, дарынды жас. Оның жетістіктері мен таланты тек мектеп қабырғасымен шектелмей, халықаралық деңгейде де танылып отыр. Мадияр 15 беделді университеттен шақырту алып, өзінің білімге деген құштарлығын және еңбекқорлығын дәлелдеді.

Ол шақырту алған оқу орындарының қатарында Wilkes University, Mount Union University, Baylor University, University of Minnesota Morris, Duquesne University, Caldwell University, Menlo College, Mckendree University және Wilson College сынды АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындары бар. Сонымен қатар, Түркияның Kadir Has University және Ted University, Дубайдағы Middlesex University, Murdoch University және Wollongong University in Dubai, сондай-ақ Малайзиядағы Xiamen University университеттері де бар.
Мадиярдың жетістіктері тек академиялық салада ғана емес, қоғамдық өмірде де көрініс табуда. Ол мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, өз сыныптастарына үлгі болып келеді. Көшбасшылық қасиеті мен жауапкершілігі оны құрдастары арасында ерекше етеді.
Мадияр Бейсенбеков – болашағынан үлкен үміт күттіретін жас талант. Оның халықаралық деңгейдегі университеттерден алған шақыртулары – қажырлы еңбектің нәтижесі. Біз Мадиярға алдағы уақытта да зор табыс тілейміз! Ол еліміздің атын әлемге танытатын азамат боларына сенеміз.