Абай облысының әкімі Берік Уәли әлеуметтік желідегі ресми парақшасына ерекше бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Jastar janary.

Бейнежазбада Семей қаласындағы «Елімай» мен «Семей» футбол клубтары Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын және облыс әкімінің үндеуін қолдап, шаһардың ең көрікті орындарының бірінде тазалық шарасына атсалысып жатқаны көрінеді.
Семей – қазақ футболының қарашаңырағы екені бүгінде баршаға мәлім.
Қазақстан Президенті бастаған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына облысымыздағы қос клубтың бірауыздан үн қосуы – елге, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Олар тек спорт ареналарында ғана емес, табиғатты қорғау ісінде де өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетіп келеді. Бұл — кейінгі жас буынға үлкен үлгі боларлық тағылымды іс.
Біз “Таза Қазақстан” үшін!» – деп жазды Берік Уәли.
Бұл — клуб ойыншыларының ауызбіршілігі мен ортақ іске жұмылуының жарқын көрінісі.