Басты бет » Жаңалықтар (страница 69)

Жаңалықтар

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ: Ұлттық мінездің негізгі түп-тамыры – ұлттық тәрбие

Тұрар Сәттарқызы, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі, этнолог, тарихшы «Ұлтты сүю — мінезден» деген Әлихан Бөкейхан атамыз. Қай жерде қызмет етпесін, мейлі ол мұғалім болсын, мейлі ол шенеунік болсын, депутат болсын, әкім болсын, бүгінгі қазақтың бәріне бір-ақ нәрсе жетпейді, бәріне ұлттық мінез жетпейді. Кешегі Алаш зиялыларының да алдында екі таңдау болды. Бірі -қара басының қамын күйттеп, үндемей өмір ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАСТЫҚ

Бауыржан Омарұлы  /Ғасырлық реквием/ Мәншүк. Мәңгі жас Мәншүк. Қыршынынан қиылған аяулы қыз. Тағдыры да аса жеңіл емес-ті. Ол ерліктің символы болды. Себебі ел үшін ғұмырын қиды. Ол бейбіт өмірдің символы болды. Себебі соғыс атаулыны Мәншүктің заманымен бірге кеткендей көрдік. Ол жастықтың символы болды. Себебі есейген кезі көз алдымызға елестемейді. Әйтпесе, кеше ғана өмірден өткен Әбдіжәміл көкемізден екі-ақ жас үлкен ардақты ...

Толығырақ »

Студенттер шәкіртақысы артты

ЖОО-да студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес енді университет студенттері 31 000 теңгенің орнына 36 000 теңге алады. Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық. Интерндерге 66 000 теңге, магистранттарға 87 000 теңгедей төленеді. Ал докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 000 теңге болатын. ...

Толығырақ »

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 14-20 қазан күндері  Түркия Республикасының Анкара қаласында өтетін «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ бақ сынайды. Фестивальде театр балаларға арналған «Ойнайық та, ойлайық» (реж.: А.Зайцев) және ересектерге арналған «Қаhaр» (реж.: Д.Жұмабаева) моноспектаклін сахналамақ. Репертуарды толықтырған жаңа қойылымдар түркиялық көрермендер мен сарапшылар назарына ұсынылып, айтулы өнер бәйгесінің көркін қыздырады. Балаларға арналған қойылымда театрдың талантты артистері ...

Толығырақ »

АҚТАУДА «ӘБІШ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бейбіт Әлкеева, театртанушы        Батыстың байтақ даласын думанға бөлеп дүниеге келетін «ABISH ALEMI» Халықаралық театр фестивалі биыл екінші рет шымылдығын түрді. Өнер бәйгесі, жалпы кез келген мәдени іс-шара мол жауапкершілікті жүктейді, міндетті арттырады. Бұл тұрғыдан Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры ұтымды ұйымдастырушылығын танытты. Әдетте, фестиваль ұйымдастырған театр  ұжымының кей сәттерде ғана көрермендер қатарынан табылып, кейде көрінбейтінін де «көріп» ...

Толығырақ »

Ойыншық неге құбыжыққа айналып барады?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі 1 499 ойыншық үлгісі тексеріп, оның 706-сы қауіпті екенін анықтады. «706 үлгі «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» ережеге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың ішінде 9 Қазақстанда (1,3%), 59-ы Еуропа экономикалық одағында (8,4%), 638-і өзге елдерде (90,3%) жасалған», – делінген комитет хабарламасында. Санитарлық-химиялық тексеріс нәтижесінде 23 үлгіде ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид және этилацетат секілді қоспалардың шамадан тыс көп екені ...

Толығырақ »

«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті

7 қазан күні Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы  №85 мектеп-лицейімен бірлесіп «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық интеллектуалдық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ тілінің құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала  қарым-қатынасын жетілдіру. Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының Білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары және ...

Толығырақ »

Президент ұлтты ұйыстыратын 7 қағиданы атады

Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады: Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы. Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық. Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы. Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі. Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы. Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: ...

Толығырақ »

Қ.Тоқаев: Жастардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш

Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру ісіне баса назар аудару, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүйелі жүзеге асыру турасында, сонымен қатар жастардың елде еңбек етуіне, ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік туғызу жайын сөз етті.    «Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 ...

Толығырақ »

Елорда көшелерін ерекше робот аралап жүр

Астана көшелерін Бакош есімді ерекше робот аралап жүр. Ол қала тұрғындарымен сөйлесіп, балалармен ғана емес, ересек адамдармен де қызықты сұхбаттасып, көңіл күйлерін көтеруде. Көшедегі және саябақтардағы адамдарға жақындап, әңгіме айтып, өзін таныстыруда. Ал тұрғындар оған таңданып, тіпті тосыннан келген сәтінде қорқып жатқандары да бар. Роботты кім жасап шығарғаны және қалай басқарып отырғаны қызық. Бакош роботтың айтуынша, оны ағасы жасап шығарған. ...

Толығырақ »