Басты бет » Жаңалықтар (страница 184)

Жаңалықтар

Елордада балалар 59 түрлі үйірмеге тегін қатыса алады

Нұр-Сұлтанда мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қолдау үшін қалалық мәдениет басқармасы шығармашылық үйірмелерде жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда. Бұл туралы онлайн брифингте «Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы» ММ мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Муксимова айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдер 59 түрлі үйірмеге тегін қатысу мүмкіндігіне ие.       ...

Толығырақ »

Бизнес бастау оңай ма?

Кәсіпкер Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» кітабынан Сурет: https://hyperhost.ua Кәсіпкерлер арасында: «Бизнесті, кәсібіңді ойла, сонда ақша өзі келеді», – деген жиі айтылатын сөз бар. Бұл – шын сөз, белгілі бір деңгейге жеткенше оның салмағы да бар. Кәсіп бастаған жүз адамның тоқсан тоғызы алғашында пайда табуды, көбірек ақша жинап алуды ойлайды. Бұл – жаман емес, қалыпты  нәрсе.  «Бизнесті  дамыту  үшін  жұмыс істеу ...

Толығырақ »

Ақ қардан аңдар мүсіндеген Ақниет

Жас суретші Асқаров Ақниет Батыс Қазақстан облысының орталығы — Орал қаласынан шалғай орналасқан Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында тұрады. Қалдығайты жалпы орта білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы. Ақниет – өзі кішкентайынан еңбекқор боп өсті. Елгезек, үлкен-кішіні сыйлай біледі, мінезі жәйлі, жұғымды бала. Қолына түскен сым, жас шыбық, ермексаз болсын әйтеуір майыстырып, түйін түйіп бір дүние жасап шығаратын қасиеті бар ...

Толығырақ »

Елордада жастар практикасына мыңға жуық адамды жіберу жоспарлануда

«Жастар практикасы» бағдарламасы соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған және 29 жастан аспаған ЖОО мен колледж түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 2021 жылы «Жастар практикасымен» оқу орындарының 914 түлегі қамтылды, оның ішінде ЖОО түлектері – 750, колледж түлектері – 164. Биыл 29 жасқа дейінгі 998 жасты аталмыш практикаға жіберу жоспарланып отыр. «Жастар практикасына» қатысу мәселелері ...

Толығырақ »

Құмар ойындар тығырыққа тірейді

Адамның санаулы ғана ғұмырында көптеп кездесетін, алдыңды жиі орап, сананы еліктіріп өзіне тартатын нәрсенің бірі – құмар ойындары десек қателеспейміз. Адам баласының көп жағдайларда құмар ойындарына құмарта отырып, өзінің күнәлі істерге жол беріп алатынын ескере бермейді. Әрине, бұл өкінішті! Құмар ойындары дос-жаран мен туған-туыстың арасына да іріткі салатын нәрсе. Ақшаның елесі оған еліткен жанды адастырып, көзін тұмандатып, жақын-жұрағаттарын ұмыттыратындығы сөзсіз. ...

Толығырақ »

17 мыңға жуық қазақстандық көктемде әскерге шақырылды

2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастардың әлеуметтік, психологиялық, денсаулық жағдайы қарастырылып жатыр. Бұл қатарға 18-27 жас аралығындағы азаматтар жатады, — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Жеке істерді зерделеу кезінде әскерге шақырылушылардың сауалнама деректері нақтыланады, әрбір адаммен, оның ата-анасымен әңгімелеседі. Әскерге шақырылушылардың мамандықтары міндетті түрде ескеріледі, сондай-ақ, олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі, ...

Толығырақ »

Мұғалімдердің жалақысы 75%-ға өсті – БҒМ

Фото otyrar.kz Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы кезінде бірінші вице-министр Шолпан Каринова мұғалімдердің жалақысы 75%-ға көтерілгенін айтты. Ол мектепке дейінгі және орта білім деңгейіндегі басымдықтардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Біріншіден, мұғалімдер мен мектеп басшыларының, басқа да білім мекемелерінің сапалық құрамын арттыру. Екіншіден, барлық білім мекемесінің материалдық-техникалық базасын жақсарты. Үшіншіден, мектепке дейінгі деңгейде білім берудің жаңа моделін енгізу. Мектепке ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРҒА ТЕГІН ТАМАҚ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің «Фейсбук» парақшасында жазды. Былтыр Шымкент қаласының білім саласы бойынша қабылданған оң шешімдердің бірі — бастауыш сыныптарға мемлекет есебінен тегін тамақ беру шешімі болды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің ұсынысымен, Мәслихат депутаттарының қолдауымен, желтоқсан айында биылдан бастап 1-4 сынып оқушыларын жүз пайыз ыстық тамақпен қамту туралы шешім қабылданған болатын. Шымкент қаласы әкімінің ...

Толығырақ »

20 жастағы округ әкімі әскерге бару үшін қызметінен бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысындағы Спасов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Асқар Отан алдындағы борышын өтеу үшін лауазымды қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жалғас Асқар 2001 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Тоғызыншы сыныпты бітірген соң жергілікті экономикалық колледжіне оқуға түсіп, заңгер мамандығын меңгерді. 2021 жылдың көктемінде Жалғас Қанатұлы Қапшағай гарнизонының авиация базасына әскерге Петропавлдан шақырылды», – ...

Толығырақ »

Депутат Нұртөре ЖҮСІП: Бүгінгі жастарTikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр

ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Қазақстан 30 жыл ішінде ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиеде үлкен олқылық жіберіп алғанын айтты. «Біз ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиеде үлкен олқылық жіберіп алдық. Мұны ашық мойындау керек. «Менің мемлекетім», «менің Қазақстаным» деген отансүйгіш сезімді терең орнықтыру орнына, қалай да ақша табу, тез баю, тірліктің бәрін ақшамен өлшеу ұғымдарын алға шығардық. Бүгінгі жастар бабалардың ...

Толығырақ »