Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға үлкен ұлы Әли Оқапов 21 млн теңге тұратын Geely Manjaro маркалы көлік сыйлады, деп жазды qazaqstan24 инстаграм арнасы.
«Бүгін таңертең «балаларым маған тосын сый әзірлеп жатыр» деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Әли халыққа қызмет көрсету орталығына барамыз деп, мені үйден алып кетті. Содан мені автокөлік орталығына алып келіп, жаңа көлігімді көрсетті. Дегенмен көліктің құжаттарымен біз ХҚКО бардық. Енді менің көк-жасыл түсті Geely Monjaro маркалы көлігім бар. Сыйлығың үшін көп рахмет! Бұл жыл бақытты сәттерге толы болды. Биыл әже атандым және балаларым маған су жаңа көлік алып берді», – деп жазды Роза Рымбаева.