Басты бет » Жаңалықтар » Қай санды таңдайсыз? (психологиялық тест)

Қай санды таңдайсыз? (психологиялық тест)

Өмірімізде не боларын, өзіміздің басты көзге түсетін қасиетіміз қандай екенін бәріміз де білгіміз келеді. Ол үшін осы төрт санның біреуін таңдау жеткілікті. 7, 24, 61 немесе 3, біреуін таңдаңыз да, сәйкес сипаттаманы оқыңыз.

7: Сіздің қиялыңыз ұшқырлығы соншалық, тіпті мен деегн жазушылардың өзіне қызғаныш сезімін туғызасыз. Саяхаттауға деген құштарлық пен жаңаны тануға деген ынтаның арқасында адам ойына келмейтін оқиғаларды елестетіп, ойлап шығара аласыз. Армандауға жаныңыз құмар. Соның арқасында жаңа идеялардың жаршысы болып жүресіз. Басты қасиетіңіз: қиялдау.

24: Сіз өмір бойы тәуелсіздікті көксеп келесіз, оған жетіп те қалдыңыз деуге болады. Әрдайым өз жолыңызды ғана таңдайсыз. Ақылыңызбен және ерлігіңізбен ерекшеленесіз. Ал жетістікке жеткеннен кейін оны міндетті түрде айналаңыздағылармен бөлісуге асығасыз. Басты қасиетіңіз: еркіндік.

61: Сіз шаттықты өмірдің фонтанысыз. Жаныңыздағы адамдар сізге қарап-ақ бойына қуат алады. Сіз өзгелерге шуақ шаша жүріп, әрдайым өмірге балғын көзбен қарауға дайын тұрасыз. Айналаңызда үнемі көңілді де өмірге құштар жандар жүргенін қалайсыз. Кейде көп сөйлейсіз. бірақ бұл сіз үшін артықшылық болып есептеледі, себебі жаныңыздан әрқашан пікір алмасатын өзіңіз секілді адам табылады. Басты қасиетіңіз: берекелік.

3: Түсіністік. Адамдардың барлығына түсіністік танытып, олардың орнына өзіңізді қойып көресіз. Барлық адамды өзім деп жақсы көресіз, оларға ең жақсы кеңес беретін жақыны да сіз. Бәріне қолыңыздан келгенше көмек көрсетп, көңілін көтеруге тырысасыз. Басты қасиетіңіз: мойынсұну.

https://vk.com/psihiko2019