Басты бет » Жаңалықтар » Ой ағыны сізді қайда жетелейді? (тест)

Ой ағыны сізді қайда жетелейді? (тест)

Қандай бағытта қадам басып келесіз? Қазіргі жағдайыңызға көңіліңіз тола ма әлде жаныңыз өзгерісті қалай ма? Адамның мінезіне арналған психологиялық тесттер эмоциялық жай-күйін бағалап, ары қарай дұрыс бағдар беруге арналады. Бүгінгі берілген тест нәтижесін білу үшін сананы бір сәтке істен шығарып, суретке мұқият қараңыз, ол қай бағытта жылжып жатыр? Әлде сол қалпы қозғалмай тұр ма?

Фигура оңға қарай қозғалды
Қара дақтар ақ түске айналады. Ойыңызды мәселелер жаулап алған, тек қиындықтар туралы ғана ойлайсыз. Жаныңызға батқаны сонша, алға қарай жылжитын әл-қауқарыңыз қалмаған. Түнек лабиринттің ішінде адасып, шығарға жол таба алмай жүргендей сезімдесіз.
Ойыңызды басқа арнаға бұрып, сергуге тырысыңыз. Мәселелерді уайымдаған сайын, ол да сізден ажырағысы жоқ. Неғұрлым ойыңызды тез жинақтасаңыз, соғұрлым шешімге де оңай жетесіз.

Фигура солға қарай жылжып барады
Ақ дақ қара дақты басып алды. Көңіл күйіңізді анықтауға арналған тест өміріңізде ақ жолақтар көбейіп келе жатқанын көрсетеді.
Сәтсіздіктердің барлығы артта қалды, қазір бойыңызды қуат кернеп барады. Бақытқа жету жолында кез келген тауды қопаруға дайынсыз. Бастысы, сеніміңізді жоғалтпай, тек алға баса беріңіз.

Жоғары қарай қозғалу
Мұндай қозғалысты көру – өкініш сезімінен хабар береді. Біраз уақыт бұрын қателікке жол бердіңіз, қазір сол жағдай сізге жан таптырар емес.
Өткенге өкініп, тәубеге келу өзіңізді ар алдында тазарта түседі. Бұдан былай ондай келеңсіздікке жол бермейтіндей сабақ алсаңыз болғаны.

Төменге қарай жылжу
Сіз әбден шаршағансыз, ағзаңыз соңғы қуатын жұмсап жұмыс істеп тұрғандай күйдесіз.
Бір сәтке барлығынан демалып, бойыңызға қуат жинап алыңыз. Жұмыс ешқайда қашпайды.

Фигуралардың ретсіз қозғалысы
Тест сіздің өміріңіздегі үйлесімділікті көрсетіп тұр. Жан жайлылығын бұзатын ештеңе жоқ, барлығына риза халдесіз. Бәрі де өз ойыңыздағыдай, жоспарлар орындалып жатыр. Жарайсыз!

Фигуралар қозғалыссыз күйде
Бұл екіұдай сезімде жүргеніңіздің белгісі. Қай бағытқа бет алған дұрыс боларын білмей дал болып жүрсіз. Дауыл алдындағы тыныштықта тұрғандайсыз, егер бір нәрсені дұрыс істемесеңіз, өкініштен өртенем бе деп қорқасыз. Алаңдамаңыз, ішкі дауысыңызға құлақ түрсеңіз, ол сізді адастырмайды. Барлығы жақсылыққа.

https://vk.com/psihiko2019