Алматы қаласының көшесі мен даңғылдары жөнінде енді қызықты деректерді қосымша арқылы білуге болады. Қаладағы №15 гимназиясының оқушысы Тимур Қырбасов өлкенің тарихын зерттеуге арналған бірегей қосымша ойлап тапты. Бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде нысан туралы пайдалы, танымдық тарихи ақпарат береді. Бұл қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. Жобада қала, ел тарихы жөнінде ақпаратты еркін ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ерікті болу – елге жанашыр болу
Ерікті дегеніміз – жалғыз өзі немесе топ құрып, жұмыс жасайтын жандар. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары – мұқтаж жандарға дер кезінде көмек қолын созу, табиғаттың көркейіп өсуіне, еліміздің дамуына үлес қосу. Волонтер дегенді ықылым заманда тегіннен тегін, айтқанға көнетін, айдауға жүретін адам деп ұққан. Ол қате пікір. «Қоғамға мен қажетпін, қоғам маған қажет» деп әрекетіне ақша сұрамай қарекет қылатын жандардың бастауында ...
Толығырақ »2024 жылдан бастап заңдарды қазақ тілінде жазу міндетті болады
Заң жобасы қазақша нұсқасы жарияланған соң орыс тіліне аударылады. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сол үшін екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасының сәйкестігін тексеру биыл басталады деді. 2023 жылдың екінші тоқсанында қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарланған. Аталған шаралар қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ...
Толығырақ »Хоббиін кәсіпке айналдырған Сырлан
2019 жылға дейін хобби ретінде құс өсіріп келген шымкенттік Сырлан Тəшімбетов қазіргі уақытта бұл сүйікті ісін кәсіпке айналдырып өз табысын табуда. 36 жастағы кәсіпкер бала күнінен құс өсірумен айналысады. Жұмыртқа, ет, мамық беретін құстарды емес, әнші құстарды өсірумен басқа кәсіпкерлерден ерекшеленіп тұрады. Кәсіпті бастауына түрткі болған мемлекеттен бөлінетін кәсіпкерлік гранттар. Дәлірек айтқанда, «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, мемлекеттен ...
Толығырақ »Жастарды есірткіден қайтсек қорғаймыз?
Жақында «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыста жастардың арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің, сондай-ақ электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы мәселелері туралы мәселе талқыланды. Аталған Кеңестің мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев: «Екі тақырыпта өте өзекті. Қызу талқылау болды. Синтетикалық есірткі мәселесі ушығып тұр қазір. Тоқтатпасақ ұрпақтан айырыламыз», – дейді. Сандарды сөйлетсек, ...
Толығырақ »Батаның қасиеті неде?
Ғасырлар көшінде халықпен бірге жасасып, ауыздан-ауызға тарап, ескірмейтін дәстүрдің бірі – бата. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген халық мәтелінің өзі қазақтың ұлттық құндылықтарындағы батаның алатын орнын көрсетеді. Қазақ халқының үй салу, ұзақ сапарға шығу, отау көтеру, серттесу, жаңа қонысқа көшу, үйлену, бесік салу, тұсау кесу, ас беру сияқты күнделікті тіршіліктегі маңызды шаралары батамен басталады. Себебі бата берілсе ісіңіз ...
Толығырақ »Оқу жылы неліктен ұзартылды?
Елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. «Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштеріне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстары; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны ...
Толығырақ »«Oral jastary»: жастарға кеңес ұсынды
Жастар – еліміздің басты ресурсы және болашағы болғандықтан, мемлекет олардың әлеуетін көтеруге көп көңіл бөлуде. Осы орайда «Oral jastary» жастар ресурстық орталығы да бұл бастамаға үн қосып келеді. «Жастарға кеңес» жобасында 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған 2,5% несие беру бойынша ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда баспана тақырыбы өзекті. Ал қоныс алудың тиімді жолын «Отбасы банк» қызметкері түсіндірді. Сонымен ...
Толығырақ »Бүгін Димаштың туған күні
«МЫНАУ — АДАМНЫҢ ЕМЕС, ПЕРІШТЕНІҢ ДАУСЫ» Әлем жұртшылығы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің талантына тамсанады. Кристин Орбст (Германия): «Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыс гаммасы түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті!» Иан Стюарт (Ұлыбритания): «Құдайым-ау, қандай ғажап! Қайта-қайта тыңдап отырмын. Осындай да дауыс болуы мүмкін бе? «Мүмкін» дейтін ...
Толығырақ »СУРЕТТІҢ СЫРЫ: МАҚПАЛМЕН КЕЗДЕСКЕНДЕ…
Өткенге бір сәт ойша оралу адамзат баласына ерекше сезім сыйлайтыны ақиқат. Ескі фотосуреттердің уақыт өте келе сонша құнды болуының мәні де осында жатқан секілді. Әр отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан суреттер бар болар деп ойлаймын. Олар әрбір шаңырақтың шежіресі, тарихы, өткен күндердің жарқын елесі, қымбат дүниесі десек, қателеспейміз. Сондай сарғайған суретті теректілік «Жұлдыз» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, өте ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы