Алматы қаласындағы іргелі өнер ошағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 1-6 қараша күндері аралығында І Республикалық жастар театрлары фестивалі өтпек. Еліміздің әр аумағынан жиналған отандық театрлар ең үздік режиссерлердің туындысын көпшілік көрермен қауымға ұсынбақ. «Қыз Жібек» қойылымы Қазақ театр өнерінде бағыт-бағдарын бағамдап, көпшіліктің өткір көзіне түсіп, өнердің өрелі көшін алға бастап келе жатқан театрдың бірі ...
Толығырақ »Өнер – өмір өрнегі
«Міржақып. Оян, қазақ!»: 100 миллионнан аса касса жинады
«Міржақып. Оян, қазақ!» отандық комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озып, 107 миллион касса жинады. Мәдени және спорттық шараларға билет сатуға арналған Тикетон платформасының мәліметінше, өткен аптаның қорытындысы бойынша, «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі алғашқы орында тұр. Екінші орында отандық комедиялық фильм — CocoJanbo (62 572 000 теңге), үштікте — «Изгоняющий дьявола: верующий» фильмі (45 371 000 теңге).
Толығырақ »«КҮМІС ДОМБЫРА»: ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСТА БАҚ СЫНАДЫ
Шымкентте Республика күні қарсаңында жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен жиналған 16 айтыскер қатысты. Тәуелсіздікті жыр еткен ақындар айтысына белгілі айтыскерлермен қатар, мәдениет саласының мамандары, атап өтсек, айтыстың ақтаңгері атанған Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Күлия Айдарбекова, Ахметжан Өзбеков, Еркебұлан Қайназаров әділ бағасын беріп, қазылық етті. Жыр додасында жас ақындар қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғап, ...
Толығырақ »«КҮМІС ҚАЛАМ–2023» ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығы мен Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай, жас жазба ақындар арасында республикалық «Күміс қалам–2023» поэзиялық кеші өтті. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған поэзия кеші – жастардың ынтасын арттырып, ақындардың шабытын ашуға зор мүмкіндік береді. «Күміс домбыра», «Күміс қалам» жобаларын Шымкент қаласының әкімдігі алғаш 2020 ...
Толығырақ »Жәудір САРЫПБЕКОВА: Театр менің екінші үйімдей жылулық сыйлайды
Қазір театр, кино саласында өз орнын қалыптастыра білген талантты жандар көп. Сондай өнер майталмандарының бірі – Жәудір Сарыпбекова. Оның жары Руслан Нұрманов та театр және кино актері. Талантты жұп бүгінде Шымкент қаласындағы Жұман Шанин атындағы драма театрда қызмет атқарады. Жәудір – театрда ғана емес, танымал фильмдерде басты рөлді сомдау арқылы халықтың сүйіспеншілігіне ерекше бөленген талантты актриса. Бүгінгі сырлы сұхбатымыз сол ...
Толығырақ »Алматыда I Халықаралық «Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді
20-24 қазан күндері Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен I Халықаралық «Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді. Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры ұйымдастыруымен өтетін фестивальге Польша, Грузия, Болгария, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан Республикаларының 14 үздік театр ұжымы мен 150-ге жуық қуыршақ шеберлері қатысып, өнер көрсетеді. Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры – тамырлы тарихы 1935 жылдан бастау алатын республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ ...
Толығырақ »Ақтөбеде «Ахтанов алаңы» театр форумы өтті
24-29 қыркүйек аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына орай республикалық «Ахтанов алаңы» театр форумы өтті. Әр театрдан келген қатысушыларға халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар дәріс берді. «Режиссурадан» – Әлібек Өмірбекұлы, «Грим» бойынша Аягүл Шалғымбаева, «Хореография» – Анна Цой, «Актер шеберлігінен» – Гүлназ Балпейісова, «Сценография» және «Сахналық костюм суретшісі» мамандығынан Хисматуллина ...
Толығырақ »«АРТ ОРДО — 2023»: Қаллеки театры Гран-при иегері атанды
«АРТ ОРДО — 2023» халықаралық театр фестивалінде Қаллеки театры сахналаған «Баян Сұлу — Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы Гран-при иегері атанды. ГРАН-ПРИ жүлдесімен қатар, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫНА ие болды. КСРО Халық артисі, қырғыз халқының көрнекті театр және кино актрисасы Бакен Қыдыкееваның 100 жылдығына арналған АРТ ОРДО-2023 Халықаралық театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетіп, салтанатты түрде шымылдығын жапты. Фестиваль ...
Толығырақ »Димаш Қытайдағы «Golden Panda» премиясында өнер көрсетті
20 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өткен «Golden Panda» сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысты. Кештің финалында әйгілі қытайлық әнші Вэй Вэй мен Димаш «Join Hands» сыйлығының басты тақырыптық әнін орындады. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды. «Golden Panda» – бұл сыйлықтың мәдени маңыздылығын көрсететін Панда символымен бейнеленген кинематография өнері арқылы шығармашылық алмасуды дамытуға және ортақ болашағы бар жаһандық қауымдастық құруға бағытталған халықаралық ...
Толығырақ »Құдайбергеннің естелігінен: Менің байлығым – бағаланған еңбегім
Ұлы Абай: «Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден» деген. Кейбір құрдастарым айтады: «Ой, сенен бай адам жоқ! Шұлыққа тығып жатырсың бәрін», – деп. Олай емес. Төрт бөлмелі үйге жақында ғана кірдім. «Қазақстанға еңбегі сіңген артист» атағын 1982 жылы алыппын. Оның өзінде Димаш Ахметұлының арқасында. Біздің театрдан он бір-он екі адамның атаққа ұсынылған тізімі бармай ма о кісіге. Мұқият қарап ...
Толығырақ »