Екі күн бойы Астана аспанын әнмен әуелеткен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің концерті әлем халықтарының басын қосқан ерекше кеш болды.
Концертке 80 елден 10 мыңнан астам жанкүйер келген. Ән кешіне 200-ден астам кәсіби маман жұмылдырылып, 300-ден астам әнші, биші, оркестр музыканттары өнер көрсетті.
Өнер кешінде Димаш ән айтып қана қоймай, домбырамен күй орындап елдің ерекше ықыласына бөленді.
Тағы бір ерекше жағдай концерт барысында Димаш жанкүйерлерімен бірге «Қазақстан жасасын!» деп ұран көтеріп, Қазақ елінің бейбітсүйгіш, қонақжай ел екенін күллі әлемге паш етті.
Әлемнің ұлына айналған Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлері қазақ тілін үйреніп, қазақша ән шырқап жүр.
https://www.tiktok.com/@samalkabysheva/video/7414767890085235974?is_from_webapp=1&sender_device=pc