Басты бет » Жаңалықтар » «Дүние дидарындағы Димаш»: Ұлттық музейде көрме ашылды

«Дүние дидарындағы Димаш»: Ұлттық музейде көрме ашылды

12 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Фото: dimashnews.com

Астана төріндегі Ұлттық музейге Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Димаштың әжесі Миуа Низамутдинова қатысты. Сондай-ақ көрменің ашылуына әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың жанкүйерлері жиналды.

Көрмеге қойылған құнды дүниенің бірі – ол Димаштың бесігі. Бесікке әжесінің тілеуі жазылған. Сонымен бірге Диаштың балалық шағынан суреттерінен бастап, әлемдік аренада жеткен жетістігі, марапаттары, жанкүйерлері тарту еткен кәдесыйлар да қойылды.

Құттықтау сөзінде Қанат Құдайбергенұлы:

“Біз шығармашылықта шекараның жоқ екендігінің айғағы ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды Астанада тоғыстырғанымызға өте қуаныштымыз. Осы көрмені ұйымдастыру да дәл осы жанкүйерлердің арқасында іске асқаны ақиқат”.

Димаш видео үндеу түсіріп, қала қонақтарымен емен-жарқын амандасып, өз алғысын білдірді.Фото: dimashnews.com

Көрменің идеялық дем берушісі Димаштың анасы Светлана Айтбаева болды.

Светлана Ермекқызы DimashNews редакциясымен көрменің құрылу тарихы жөнінде былай деді:

«Димаш жанкүйерлерін Dears – қымбаттым деп атады. Әр қойылымда, әр концертте Димаштың жанкүйерлері аған көптеген сыйлықтар, кәдесыйлар мен кітаптар сыйлап, хат жазды. Отбасымыз үшін, Димаш үшін және жеке өзім үшін мұның бәрі өте қымбат. Кішкентай әріптерден бастап, Димашқа қолдан тігілген концерттік костюмдерге дейін жинай бастадым.
Ал мен әйтеуір бір күні мұражай жасаймыз деп армандайтынмын.

Биыл менің идеямды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі қолдады. Бірнеше аптадан кейін біз уақытша көрме дайындадық.

Музейде музыкалық аспаптармен қосқанда, Димаштың нағыз шеберлердің қолынан шыққан әртүрлі елдерден 35-ке жуық түрлі аспаптар коллекциясы бар.
Осындай құнды аспаптарды көріп-білу үшін шағын мұражай жасауды жөн көрдік. Әсіресе, кәсіби музыканттар бұл аспаптарды ерекше құрметпен қабылдайды».

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығынан, өмір жолынан сыр шертетін көрме Ұлттық музейде6 қазанға дейін жалғасады.

Дереккөз: dimashnews.com сайтынан