Елорданың Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде желтоқсан айында жастар арасында кедергілермен жүгіру бойынша ALL in SPORT өтеді.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, Жарысқа 18 бен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Онда CrossFit, ауыр және жеңіл атлетика элементтері болмақ.
Жарыстың жүлде қоры – 600 000 теңге, бәсеке жігіттер мен қыздар арасында өтеді. Сондай-ақ спорттық сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.
Жүгіру 8 желтоқсан күні сағат 11:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.
Қатысушыларды тіркеу funnysport.kz сайты немесе Instagram-дағы @funnysport.kz парақшасы арқылы жүргізіледі.