Басты бет » Руханият (страница 6)

Руханият

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН

Әкем бір күні мен бөлмесіне шақырып алып, қарсысындағы креслоға отырғызды да: – Сен қаланың тас кеудесінде өстің, сондықтан сенің тамырың әлсіз. Сен туғанда мен соғыста едім, шинелімнің етегі қанға малшынып, лаулаған оттың түтіні сіңген еді. Сені өзіммен бірге оқтың астына әкете алмадым, өзімнің әкелік парызымды өтеу үшін, саған келе алмадым. Қиырдағы жат жерде жүріп, саған әкелік мейірімді, әке тәрбиесін бере ...

Толығырақ »

Меруерт Жібектің рөліне қалай бекітілді?

КАМАЛ СМАЙЫЛОВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН: Міне, «Қыз Жібекке» актерлерді іріктейтін сәт те келді. Ең алдымен, әрине, Жібекті дұрыс, дәл таңдап-тауып алу қажет. 1968 жылдың 1 қаңтарында «Лениншіл жас» газетіне Ғ. Мүсірепов сценарийінің үзіндісін жарияларда жазылған алғы сөзде студия атынан газет оқырмандарына өтініш-тілек айтылған еді. «Осы Жібек роліне түсуге лайықты-ау деген қыздардың суреттері мен аты-жөндерін жазып, «Қазақфильм» киностудиясына жолдаңыздар» деген болатынмын. Соған орай ...

Толығырақ »

«МЕНІҢ АТЫМ — ҚОЖА»

«МЕНІҢ АТЫМ — ҚОЖА» ФИЛЬМІНДЕ ҚОЖАНЫ ОЙНАҒАН НҰРЛАН СЕГІЗБАЕВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН: Кинодағы анам Бикен апайдың баласының бұзақылығына налып, көңілсіз жатқан сәтінде, көзіме жас алып тұрып, түзелуге уәде беретін сәтім бар. Сол уақытта қайғырып, төсекте жатқан Бикен апайды көріп, күлкім келе берді. Көзіме су да тамызды, бірақ, болмады. Режиссер Абдолла аға да, Бикен апай да ренжіді. Мен күлкімді тоқтата алмаймын. Үш-төрт дубль ...

Толығырақ »

Думан РАМАЗАН. АРҒЫМАҚ

(Аллегориялық әңгіме) Ат құлағында ойнап өскен қазақтың баласы емеспін бе, кейінгі кездері сәйгүлік баптап мінуді әдетке айналдырған жайым бар. Қызық қуып қырға шығамын, аң қараймын. Түлкі аламын, қоян ілемін. Бір-екі мәрте қасқыр да соғып, қанжығамды қандап қайттым. Ала жаздай сабыла іздеп жүріп, жақында тағы бір ақбоз арғымақ сатып алдым. Арқада бәйге бермеген тұлпардың тұяғы. Сұңғақ мойын, аршын төс, хас жүйріктің ...

Толығырақ »

Қаһарман қазақ қызы еді…

Еліміздің егемендігінің іргесін қалауда өзінің жанын құрбан етуге дейін барған адамдар қаншама? Кезінде айтқызбағанымен су бетіне қалқып шыққан көбіктей, шындықтың да шыңырауда жатпасы хақ. Желтоқсан оқиғалары – ұлт тарихында өшпес ізі қалған оқиға. Сол кезді қазір ауызбен айтуға жеңіл болғанмен ақылмен ойлап, саналы түрде терең түсінген адамға оңай емес. «CСРО көлемінде ұлы бетбұрыс жасап берген, сол Желтоқсан оқиғасында аязға тоңып, ...

Толығырақ »

ҚАДЫРДЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

5 қаңтар Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің туған күні! ҚАДЫРДЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ: Халықты ерту үшін халқыңа еруің керек. Халқыңа жеккөрінішті болғанша, Ханыңа жеккөрінішті бол! Еліңді қаншалықты сүйсең, Соншалықты ерлік жасайсың. Қолдағы кісеннен мойындағы қамыт жақсы. Рушылдық – іріткі, Ұлтшылдық – ұйытқы. Жан-жаққа тартқан жұрт жұтап тынады. Әкіммен бірге әндеткенше, халықпен бірге қамық. Елдің жоғын жоқтау ...

Толығырақ »

«Елдіктің жеті тұғыры»

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. «Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Толығырақ »

ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТКЕН АДАМ

(ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ) Ертеде бір қалада бір адам өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде ол әлемнің кемеліне жетпегеніне көзі жетеді. Бұл ой ерте ме, кеш пе, кез келген адамды мазалауы заңды ғой. Алайда бұл адам ерекше адам еді. Ол әр ойын, іспен дәлелдеуге машықтанған еді. Сөйтіп, ол әлемді өзгертпек болып, іске кіріседі. Ол әлемді сұлу, тартымды, мейірбандыққа құштар етіп жетілдірмек болды. Ол: ...

Толығырақ »

ДҰРЫС АРМАНДАУ БІЛЕМІЗ БЕ?

«Нені армандайтыныңды айтсаң, кім екеніңді айтып беремін». Арманға қарап адамды тануға әбден болады. Бала күнімізде арманымызда шек болмаушы еді. Көрген де, көрмеген де нәрсемізді армандай алушы ек. Өсе 154 келе, адамның ақыл-ойы толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастайтындықтан, арманының бағыты сәл-пәл өзгеруі мүмкін. Мәселен, бала күнімізде ертегінің кейіпкеріндей тау көтеріп, Таусоғар атануды армандасақ, есейген шағымызда, Таусоғар болудың ақылға сыйымсыз дүние ...

Толығырақ »

ҚОЙШЫ МЕН АЛМА АҒАШЫ

(Өсиет әңгімелерден) Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: — Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой, — дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, ...

Толығырақ »