Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 9)

Архив блога

Президент қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды. Президент алдымен Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, оның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына – 100 жыл. Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына сапары барысында Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен кездесті. – Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы ...

Толығырақ »

Гүлшат ТУТОВА, театр және кино актрисасы: ӘКЕМНІҢ «АКТРИСА БОЛАСЫҢ» ДЕГЕН ҚАЛАУЫМЕН ӨНЕР ЖОЛЫН ТАҢДАДЫМ

Студенттік шақ – әр адам өміріндегі естен кетпейтін тәтті кезі. Арман қуып үлкен өмірге қадам басатын адам өміріндегі ең бір маңызды кезеңнің бірі. «Біз де студент болғанбыз» айдарында түрлі саладағы маман иелері студенттік шақтағы естеліктерімен бөлісіп, сол жылдардың қызығы мен қимас кезеңдері жайлы сыр шертіп, әңгіме өрбітеді. Біздің бүгінгі қонағымыз – театр және кино актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тутова. ...

Толығырақ »

Президент «Заң және тәртіп» апталығын жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі.Президент мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтты. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның атқаратын рөлі ерекше екенін айтты. Сондықтан бүгінгі басқосуға академиялардың курсанттары да арнайы ...

Толығырақ »

Студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде

Павлодар облысындағы «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері «Брама», «Джерсий гиганты» және «Кучинск мерейтойлық» тұқымындағы 30-дан астам үй құсын өсіріп шығарды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Жұмыртқаны салу сәтінен бастап эмбрионның қалыптасуына дейінгі инкубация үдерісінің барлық кезеңдері студенттердің толық бақылауында және ғылыми бақылаулармен сүйемелденеді. Бұл практикалық оқыту кәсіпкерлік көзқарасқа негізделіп, студенттерге оқу барысында өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік ...

Толығырақ »

Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі

Болгарияда көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Jastar janary. Сурет: olimpic.kz Әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша өткен финалдық кезеңде қазақ гимнастшысы Ақмарал Ерекешева доппен өнер көрсетуде алтын медаль иеленді. Осылайша, отандасымыз доп жаттығуында алтын медаль иеленсе, шеңбер жаттығуында күміс жүлде жеңіп алды. Доппен көрсеткен өнері арқылы Ақмарал 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен ...

Толығырақ »

Ас пен әдет: қазақ дастарханының жасырын тәрбиесі

Қазақ халқы үшін дастархан – тек ас ішетін жер емес, тұтас бір дәстүр мен мәдениеттің тоғысқан ордасы. Дастархан басындағы тәртіп, асқа деген құрмет пен қонақ күту – бұның бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан болмыстың бір бейнесі. Тіпті, ас ішудің өзі халқымызда тәрбие мен әдепке негізделген. Қазақтың дәстүрлі дастарханы – ұрпақ тәрбиесінің айрықша құралы. Дастархан басында әр адамның өз орны бар. Үлкенге ...

Толығырақ »

XXI ғасырдың жас көшбасшысы кімдер?

«XXI ғасыр көшбасшысы» деген тіркесті естігенде көз алдымызға кім келеді? Роботтармен дос болып, жасанды интеллекті сөйлетіп, ғаламдық мәселелерді шешіп жүрген Илон Маск па? Әлде қарапайым ауыл мектебінен шыққан, халықаралық олимпиадаларда елін танытып жүрген қазақ баласы ма? Шын мәнінде, XXI ғасыр көшбасшысы-нақты бір адам емес, бұл – заманауи әлемнің талабына сай өмір сүріп, өзгеге үлгі бола алған тұлға. Көшбасшы деген кім ...

Толығырақ »

Үндістандағы ұшақ апаты: «11А» орнында отырған екі адам аман қалған. Қалай?

Коллаж: taulik.kz Тағдыр кейде адам сенгісіз тосын жайттармен таңғалдыра алады. Бұл жолы дүниежүзілік БАҚ назарын аудартқан ерекше оқиға – ұшақ апаты мен 11A орнына байланысты мистикаға бергісіз сәйкестік болды, деп жазды Jastar janary порталы taulik.kz сайтына сілтеме жасап. 1998 жылы Тайландта орын алған Thai Airways әуе апатында 101 адам қаза тапты. Тірі қалған санаулы жолаушының бірі – тайлық әнші Руангсак Лойчусак. ...

Толығырақ »

2025 жылғы еңбек нарығы: Түлектердің таңдауы қандай?

Фото:автордан Жаңа дәуір – жаңа талаптар Бүгінгі таңда әлемдік және отандық еңбек нарығы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өзгеріп келеді. Цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект сынды технологиялардың дамуы жұмыс күшіне деген талаптарды түбегейлі өзгертті. Бұрынғыдай тек дипломмен шектелу жеткіліксіз. Қазіргі нарық – нақты дағдысы бар, бейімделуге қабілетті, креативті әрі технологияны игерген жастарды қажет етеді. Осындай өтпелі кезеңде жоғары оқу орындарын бітіретін 2025 жылғы ...

Толығырақ »

«Чемпиондық рух»: Спорттық іс-шарасы ел аймақтарында өтті

Алматыда бастау алған «Чемпиондық рух» жобасы бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде жалғасуда. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Астана алаңында, Өскемен қаласындағы Жеңіс саябағында бір мезгілде және Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында кең ауқымды таңғы жаттығулар өтті, деп хабарлайды Jastar janary. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының телеграм арнасы жазды. Жобаның басты мақсаты – салауатты өмір салтын жастар арасында насихаттап, табысты ...

Толығырақ »