Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан–Кортина–2026 Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Фото: vlast.kz
Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында болған бәсекеде отандасымыз, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды.
Бұл – еліміздің қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы екінші алтын жүлдесі. 32 жыл бойы күткен алтын медаль.
Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрған еді. Ал еркін бағдарламада отандасымыз төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпаймен жеңіске жетті. Айта кетейік, ол бұл сында бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады.
Фото: Сали Сабиров
Күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма иеленді – 280,06 ұпай. Ал қола медаль тағы бір жапониялық спортшы Шун Сатоға бұйырды – 274,90 ұпай.
Михаил Шайдоров былтыр әлем чемпионатында күміс, Төрт құрлық чемпионатында алтын алған еді. Енді жүлделерінің санатына Олимпиада алтынын қосты.
Осылайша, ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан екі жүлде бұйырды. Бұған дейін, 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола жүлде алған еді.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы

