Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 81)

Архив блога

Арай САҚТАҒАНОВА, актриса: Әр қуыршақпен іштей интуициялық түрде тілдесіп, дос болуға тырысамыз

Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам қуыршақ театрына асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді. Балалар әлемі – ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар… Осы тұста, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, «Сахнагер-2018» Ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясының иегері Арай Сақтағановамен ...

Толығырақ »

Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ең жас Әлем чемпионы атанған Асаубаева 17 жасында осы ұйымның арнайы сертификатына ие болды, — деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. «Блиц бойынша әйелдер арасындағы ең жас Әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген. Бибісара 2021 жылы 30 желтоқсанда 17 жас және 307 күнде Варшавада (Польша) өткен блиц бойынша 2021 ...

Толығырақ »

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ КЕЗІНДЕ ТАБЫС ТАБА АЛАДЫ

сурет: ult.kz Қазақстандық колледждердің студенттері жаңа заңнамалық түзетулердің арқасында оқу кезінде табыс таба алады. Мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік берілген. 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапты. Яғни, жаңа заңнамалық түзетулер колледж студенттеріне оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. Өзгерістерді әзірлеушілер мұндай шара студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ...

Толығырақ »

Алматылық мектеп түлегі АҚШ-тың 6 университетінен шақырту алды

Математика мен IT саласына ынталы Нұржан жетім балаларға арналған авторлық бағдарламалау тілін әзірлеген. Фото: 24.kz Алматыдағы республикалық физика-математика мектебін тәмамап, IT саласын жетік меңгерген 16 жастағы Нұржан Әбдірәсілов өз таңдауын жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Енді жас түлек мұхит асып, білім алмақ. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Нұржан Әбдірәсілов оқуға деген ынтасымен, көшбасшылық қасиетімен көзге түскен. ...

Толығырақ »

ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР…

Тұрар Сәттарқызы, этнограф, тарихшы «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман» дейді халқымыз, бала жас өркен тал секілді, қалай күтіп-баптасаң, соның жемісін көресің. Бүгінде бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі төмендеген.  Соңғы уақытта ұл баланың, туғаннан бастап бала бақшада, мектепте, жоғары оқу орнында түгелдей дерлік әйелдер қауымының тәрбиесі мен ықпалында болуы оның бойында нағыз ер-азаматқа тән қасиеттер толық қалыптаса ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҰЛЫБРИТАНИЯДА ӨТКЕН РОБОТЕХНИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, РЕКОРД ОРНАТТЫ

Қазақстандық оқушылар бірден «FIRST Tech Challenge UK and Ireland» екі британдық маусымаралық олимпиадасында жеңіске жетті. Бұл жеңістер оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді. Оқушыларымыз 20 ойынның 19-ында рекордтық ұпаймен жеңіске жетті және қазылар алқасының 3 номинациясын ұтып алып, жарыстың рекордын орнатты. Ұлттық құрама сапында 15-17 жас аралығындағы 12 оқушы өнер көрсетті. Олардың барлығы робототехника бойынша қазақстандық және халықаралық жарыстардың ...

Толығырақ »

Оқушы тасымалында олқылық көп

Бас прокуратура «Оқушылар автобусын бұрын сотталған адамдар жүргізген» деген мәлімдеме жасады. Білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметі мен қауіпсіздігін тексеру аясында осындай заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және қажетті санаты жоқ қызметкерлер балалар автобусын айдап келген. Ал автобустар техникалық тексеруден, жүргізушілер – медициналық куәландырудан өтпеген. Осы іске байланысты Бас прокуратура қадағалау актісін енгізіп, 93 адамды тәртіптік жауапкершілікке ...

Толығырақ »

ТЕАТР МАУСЫМЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

ТЕАТР МАУСЫМЫ ТАҒЫ БІР АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ: Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ШІЛДЕ АЙЫНДА ДА КӨРЕРМЕНДЕРІН КҮТЕДІ! Ару Алматының мәдени өмірінің ажырамас бөлшегіне айналып, таңдамалы туындыларымен көрермендерінің жүрегінен орын алған Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөпірімдер театры биыл АЛҒАШ рет ТЕАТР МАУСЫМЫН тағы бір айға ұзартып отыр. Отандық театрлар сынды мамыр айында көрермендерімен «уақытша» қоштасатын өнер ұжымы Алматы қаласының ...

Толығырақ »

ЕСТИТІН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕСТІ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

Әділбек ҚАБА, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Журналистикасы мықты елде ғана ой еркіндігі бар. Мықты журналистік қауым – қоғамдық пікірге құлақ астыра алады. Ал қоғамдық пікірге құлақ асатын елде билік пен халықтың арасында алшақтану болмақ емес. Бұл орайда еркін ой мен бостандық рухын биік ұстап, елдің әлеуметтік мәселелерін өткір көтеріп жүрген журналистеріміз жетерлік. Олардың телеарна, ...

Толығырақ »

ІТ-жоба жасаушы қазақстандық жастар 2,4 млн доллар инвестицияға ие болды

Қазақстандағы бірнеше ІТ-жобаны біріктіруші Bugin Holding компаниясына бизнесмен Балтабек Мұқашев пен EPG Education адам капиталын дамыту қоры 2,4 млн доллар инвестиция салды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Инвестиция аталмыш компанияның Қазақстандағы жобаларын дамытуға, LMS жаңа өнімі (мектеп процестерін автоматтандыру) мен ТМД-дағы алғашқы гибридтік мектепті құруға жұмсалады. Сонымен бірге Daryn.Online мен EduCenter жобалары Өзбекстан нарығына жол тартпақ. Одан кейін Орта Азия мен ...

Толығырақ »