Басты бет » Жаңалықтар » Қажымұқан туралы жаңа фильм жарыққа шықты

Қажымұқан туралы жаңа фильм жарыққа шықты

 «Qajymuqan» фильмі 10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілімін бастайды.Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм алдағы айда көрерменге жол тартады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы.
Фильмнің мақсаты – Қажымұқанның өмірімен өскелең ұрпақты таныстыру, оның жетістіктерін ұлықтау және үлгі алу.