Басты бет » Жаңалықтар » Дәулет Мұқаев: «Депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын»

Дәулет Мұқаев: «Депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын»

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттарға берілетін пәтерде тұрмайтындығын, бас тартқандығы жайлы жазды.
«Ас бөлмеде шкафтан біршама оқырман ою байқап, ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақтың үйі болған соң, қазақтың «исі» шығу керек. Люстраны да әдейі шаңырақ етіп жасаттым. Балалар арасында орысша сөйлей бастаса, «әй, шаңыраққа қараңдар» деп отырамын», – деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында үйіндегі жиһаздар мен заттардың суретін жариялап.

Дәулет Мұқаев, балалардың көп тіл білгені жақсы, бірақ міндетті еместігін айтты. Есесіне, балаларының таза қазақ тілінде сөйлейтінін, орысша сөйлеуге қиналатынын жазды.
– Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз, қай тілде білім бересіз, сол тілде сөйлейтін болады. Сол тілде ойлайтын болады. Ана тіліңіз қазақ болса, неге сіз өзге тілде шүлдірлеуіңіз керек? Ал балаңыз ше?
Сіз балаға айнасыз! Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген сөз бекер емес.
Бала кезден осындай қазақилықты көріп өскен бала, қандай болады деп ойлайсыз?
Бұл сөзсіз тәрбие деп аталады. Уақыт өте келе, есейе келе өзі ұғып алатын тәрбие. Мысалы, 2,5 жасар қызым Қазақстан туын көшеде көрсе болды, жүрегін ұстап, «елім, елім» дейтіні бар, – деп жазды Дәулет Мұқаев.

Сондай-ақ депутат әлеуметтік желідегі парақшасында үйіндегі жөндеу жұмыстары жайлы айтып, өзінің депутаттарға берілетін пәтерде тұрмайтынын, бас тартқанын айтты.

«Өз үйім – өлең төсегім», – деп жазды Д.Мұқаев.