Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 78)

Архив блога

Опера жұлдызының мерейтойлық кеші өтті

«Астана Опера» театрында қазақ операсының жарық жұлдызы Майра Мұхамедқызының мерейтойлық кеші салтанатты концертпен аталып өтті.  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен шарада Майра Мұхамедқызы көрермендерге әлемдік және ұлттық репертуардағы туындылардан тұратын бірегей бағдарлама ұсынды. Опера саңлағының орындауында Рихард Штраус, Ференц Лист, Петр Ильич Чайковский сынды ұлы композиторлардың операларынан ариялар, сондай-ақ концертке ерекше ұлттық бояу берген қазақ авторларының шығармалары шырқалды. Дирижерлер ...

Толығырақ »

Елордалық оқушылар экологиялық акцияға қатысты

Оқу-ағарту министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында экологиялық білімді ілгерілетуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жариялады.Экологиялық марафонды өткізу кезінде елордалық 108 мектеп пен балабақша аумағында сібір алмасы, виргин жидегі және дөңгелек жапырақты ирги ағаштарының 2,5 мыңнан астам көшеті отырғызылды. Экологиялық акцияға №103 орта мектептің балаларымен бірге ...

Толығырақ »

Абзал ӘЖІҒАЛИЕВ: 1,5 жыл үзілістен кейін мұзға оралдым

Шорт-тректен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиевтің жарыс жолына шықпағанына да бір жылдан аса уақыт өтті. Жанкүйерлер арасында танымшы мансабын аяқтады деп топшылағандар да болды. Алайда Абзал жақында әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, спортқа оралғанын хабарлады. — 1,5 жыл үзілістен кейін мұзға оралдым. Бұл уақыт аралығында жаттығуымды қиындатып, өзімді шыңдаумен болдым. Жақында өткен Қазақстан чемпионатында іріктеуден сәтті өттім. Енді жаңа ...

Толығырақ »

ТЕСТ: Қай үйді таңдайсыз?

Суреттегі үйдің бірін таңдап, өзіңіз туралы қызықты деректерді біліңіз.  1. Адал, уәдеге берік адамсыз. Бойыңызда күш-жігер жетерлік. Бірақ өте аңғалдақсыз. Айналаңыздағы адамдарға тез сеніп қаласыз. Көпшілік сіздің осы әлсіз тұсыңызды пайдаланады. 2. Жолы болғыш жандардың қатарынансыз. Кез келген істі оңай әрі жылдам орындай аласыз. Бос уақытыңыз бола бермейді. Жұмысбасты адамсыз. Бәрін бақылауда ұстағанды ұнатасыз. Десе де жеке өмірге уақыт бөліп, ...

Толығырақ »

«Біздің қоғам қайда бара жатыр?»: Депутат министрлерге жастар қылмысына қатысты сауал жолдады

Елімізде неге қатыгездік өршіп барады? Оның түпкілікті себебі неде? Тәрбие кемшін бе әлде мұның өзге де себептері бар ма? Жастар арасындағы қатыгездікті, буллингті, бопсалау әрекеттерін қайтсек тоқтатамыз? Бұл басы ашық күйінде тұрған сұрақтар. Қоғамды қамықтыратыны сол, соңғы уақытта жасөспірімдердің бір-бірін аяусыз соққыға жығуы, қорлауы, ең сорақысы арты өлімге апаратын қайғылы жайттар жиілеп кетті. Телеарнаны қосып қалғанда, газет бетін ашып қалғанда, ...

Толығырақ »

Білім ұйымдарында тамақтану сапасы қалай?

Оқу-ағарту министрінің шақыруымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кездесті. Мақсаты – екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдан бастап бірінші рет 1,7 ...

Толығырақ »

ЖҰЛДЫЗДЫ ҚУЫРШАҚТАР ЖАРҚЫРАДЫ

90 жылға жуық тарихы бар өнердің қара шаңырағы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры күні кеше салтанатты түрде кезекті 89-шы маусымының шымылдығын түрді. Театр ұжымы өнер мерекесінде өнер ордасының бойтұмарына айналған 40 жылдық сахналық тарихы бар «Қуыршақ думан» қойылымына жаңа рең беріп, пластика, жарық, актерлік, қуыршақ жүргізу тұрғысынан жаңғыртып, заманауи форматтатағы «Жұлдызды қуыршақтар» атауымен жарық көрген спектакль-концертті көрермен назарына ұсынды. Аталмыш қойылым ...

Толығырақ »

Балаңның көңілі алаң болмасын…

Соңғы кезде балалар қауіпсіздігі өзекті тақырыпқа айналып барады. Әсіресе, балалар арасында суицид мәселесі өткір тұр. Оған себеп, биыл 13 қыркүйекте 12 жастағы қыз 13-қабаттан құлап қаза тапса, 16 қыркүйекте 7-сыныпта оқитын екі жеткіншек қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды. Қазір оқиғалардың мән-жайы анықталу үстінде. Суицидке онлайн ойындар, қиял-ғажайып сарындағы кітаптар, желідегі сілтемелер әсері болуы мүмкін деген сынды түрлі ойлар ...

Толығырақ »

ENU-да «Жаңа Асу» грантына конкурс өтеді

ENU «Жаңа Асу» грантына конкурс өткізілетінін хабарлады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 9-23 қазан аралығы. «Жаңа Асу» грант байқауының мақсаты – коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми жобалар мен идеяларды қолдау. «Жаңа Асу» гранты ашық конкурстық негізде өткізіледі және соңғы нәтижеге қол жеткізген жағдайда өтеусіз және қайтарымсыз болады. Конкурсқа ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын университет қызметкерлері, университеттің докторанттары ...

Толығырақ »

АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК

Ақжайықтың ақ шағаласы, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толды. Ақынның мерейтойы туған жері Батыс Қазақстан өңірінде тойланды. Теректі ауданында ақын мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, ақжаулықты әжелер мен қазақтың қара домбырасын күмбірлеткен өнерпаздар ақынды құрметпен қарсы алды. Аудандық кітапхана дайындаған көрмемен танысып, «Менің Фаризам» кітабын қолтаңбасымен қалдырды.Өнер кешінде сахна ...

Толығырақ »