Шорт-тректен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиевтің жарыс жолына шықпағанына да бір жылдан аса уақыт өтті. Жанкүйерлер арасында танымшы мансабын аяқтады деп топшылағандар да болды. Алайда Абзал жақында әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, спортқа оралғанын хабарлады.
— 1,5 жыл үзілістен кейін мұзға оралдым. Бұл уақыт аралығында жаттығуымды қиындатып, өзімді шыңдаумен болдым. Жақында өткен Қазақстан чемпионатында іріктеуден сәтті өттім. Енді жаңа жарыс маусымына шығуға дайынмын. Алғашқы жарыс Канада елінде.
Маған деген сенімін үзбеген жанкүйерлерім мен жақындарыма рахмет! — деп жазды спортшы.
Сондай-ақ ол жанкүйерлерінен қолдау сұрады.
«Достар!
Маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.
Менің мақсатым — еліміздегі шорт-тректің деңгейін көтеру. Өздеріңіз білетіндей, елімізде қысқы спорт түрлері аса танымал емес, халықтың қызығушылығы да жоқ. Ал әлеуметтік желілер бүгінде ақпарат таратудан, жарнама жасаудан үздік әрі таптырмас құрал болып тұр. Соңғы кезде спортымыздың дамуына үлес қосып, оны елімізде танымал ету үшін парақшаларымда белсенді болуға тырысып жүрмін. Баршаңызды Instagram парақшамда күтемін», — дейді спортшы.
https://instagram.com/abzal_azhgaliyev?igshid=YmMyMTA2M2Y=