Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 6)

Архив блога

«Ұрпақтар сабақтастығы»: Астанада ұлттық құндылықты насихаттаған куиз өтті

Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде Тәуелсіздік күніне орай, ата-бабадан жалғасқан рухани мұрамызды ұлықтау және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты ұлттық-танымдық куиз сайысы өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шараны Астана қаласы Білім басқармасы жанындағы «Ардагерлер» кеңесінің төрайымы, «Құрмет» ордені және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері Майра Құрманбаеваның басшылығыменен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» №9 «Зерде» мамандандырылған ...

Толығырақ »

Бибігүл ИСАЛИЕВА, актриса: Орыс жігіті жылап тұр. Сөйлеп жүр: «Мен сендерді сабағым келмейді…»

16 желтоқсан 1986 жыл. Ол кезде Бибігүл 19 жаста болатын. Театр студиясында оқиды. «Қазақпын дегендерің сағат 4.00-де алаңға жиналыңдар» деген үндеу барын естіді. Бірақ көшеге шығуға бұларға тыйым салды. «Студенттерін жинап келмекке шыққан комендантқа жалынып, көмектесуге уәде беріп, шықтық-ау, әйтеуір. Пушкин кітапханасынан түсе бергенде жастардың әні естілді. «Менің Қазақстаным». «Көзімізде жас, танымайтын жастарға араласып кеттік. Әлдекім «қазақсың ба?» деп сұрады. ...

Толығырақ »

МАҚТАУҒА және МАҚТАНУҒА тұрарлық ЖЕЛТОҚСАНШЫ АРУ

«Төмендегі тарихи фотосуреттегі қыз табылыпты, тірі екен» деген сүйінші хабарды естігенде жүрегім елжіреп кетті. Сол кездегі бойжеткен АНАР РАХЫМЖАНОВА екенін естідім. «Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан» дегендей, сол сәтте Үржар ауданындағы бір танысым: «Мынау менің құдашам» деп қалды. Оған кенеше жабысып жүріп, қайсар қыздың телефон нөміріне қол жеткіздім. Жүрегімді толқытқан жан өзіміздің шырайлы Шығыстың қызы, жерлесім болып шықты. Қазіргі ...

Толығырақ »

Қазақ офтальмологы «ғылыми Оскарды» жеңіп алды

Қазақстандық офтальмолог маман Мұхит Құлмағанбетов – әлемдік технология сахнасында мойындалған отандық дәрігер. Оның Entoptica стартапы мен SLOPE жүйесі Гонконгта өткен беделді Hong Kong ICT Awards байқауында Hardware and Device санаты бойынша Бас жүлде мен Алтын жүлдеге ие болды.

Толығырақ »

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды

8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді. Бұл тағайындау Димаштың ұзақ жылдар бойғы қиын жағдайларға тап болған адамдарды қолдау ісіне деген адал қызметін білдіреді. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды. 2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік Ілгілік Елшісі болып тағайындалған еді. Ол ...

Толығырақ »

Балабақшада өткен мамандықтар іс-шарасы

Астанада №77 «Қошақан» балабақшасында мектепке дейінгі жастан бастап балаларды еңбекке баулу мен ерте кәсіби бағдар беру мақсатында қалалық танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылының» жабылуы аясында ұйымдастырылып, түрлі бағыттағы орталықтар жұмысын таныстырды. Әр орталық балалардың қызығушылығы мен қабілетін дамытуға арналған тәжірибелік алаң ретінде ұсынылды. «Медиастудия» орталығында балалар медиасауат, дикторлық қабілет және шығармашылық ойлау ...

Толығырақ »

Президент жас шахматшылармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті. Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем ...

Толығырақ »

«JuniorSkills-2025» жасөспірімдер сайысы өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда облысында республикалық «JuniorSkills-2025» жасөспірімдерге арналған кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды. Оған еліміздің 8 өңірінен, яғни Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан мен Қызылорда облыстарынан 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Ағаш ұстасы», «Кондитерлік іс», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша өтті. Байқау балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан еңбекке ...

Толығырақ »

Жас ғалымдар бас қосты

Бүгін Алматыда Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған «Жас ғылымды дамыту стратегиясы: проблемалардан шешімге дейін» атты Республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, өндірістік кәсіпорындардың және корпоративтік сектордың жас ғалымдар кеңестерінің өкілдері қатысты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысушыларға арнаған бейнеүндеуінде: «Жас ғалымдар – бұл тек болашақ кадрлық әлеует ...

Толығырақ »

Дастан Сәтпаев — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (видео)

 Астанада кәсіби салада жетістікке жеткен Қазақстандағы дарынды жастарға берілетін негізгі мемлекеттік марапаттардың бірі — «Дарын» сыйлығын марапаттау рәсімі өтті. «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев «Спорт» номинациясындағы 2025 жылғы жеңімпаздардың қатарына кірді. Бұл — оның еңбегі мен тәртібінің, отандық футболдың дамуына қосқан үлесінің де нәтижесі. Чемпиондар лигасының матчтарына дайындық кестесінің тығыздығына байланысты Дастан салтанатқа өзі қатыса алмады. Оның орнына ол құттықтау мен ...

Толығырақ »