Басты бет » Жаңалықтар » «Ұрпақтар сабақтастығы»: Астанада ұлттық құндылықты насихаттаған куиз өтті

«Ұрпақтар сабақтастығы»: Астанада ұлттық құндылықты насихаттаған куиз өтті

Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде Тәуелсіздік күніне орай, ата-бабадан жалғасқан рухани мұрамызды ұлықтау және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты ұлттық-танымдық куиз сайысы өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Астана қаласы Білім басқармасы жанындағы «Ардагерлер» кеңесінің төрайымы, «Құрмет» ордені және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері Майра Құрманбаеваның басшылығыменен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Байұлова ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаты – ардагер ұстаздар мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту, ұлттық рухты сіңіру және «Адал азамат» бағдарламасының қағидаттарын жас мамандар мен оқушылар бойына дарыту.

Куиз барысында №111 жалпы орта мектеп пен №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің командалары ұлттық мұра, салт-дәстүр, өнер мен тұлғалар жайлы білімдерін ортаға салды. Сайысқа ардагер ұстаздар мен жас мамандар бірлесе қатысып, ұрпақтар байланысын нақты іспен көрсетті.

Әділқазылар алқасына еңбек ардагерлері мен Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері шақырылды.

Сайыс қорытындысында ардагер ұстаздар Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыевтың алғыс хатымен марапатталды. Астана қаласының білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымы қатысушыларға арнайы диплом мен сыйлықтар табыстады.