Басты бет » Топжарған » Дастан Сәтпаев — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (видео)

Дастан Сәтпаев — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (видео)

 Астанада кәсіби салада жетістікке жеткен Қазақстандағы дарынды жастарға берілетін негізгі мемлекеттік марапаттардың бірі — «Дарын» сыйлығын марапаттау рәсімі өтті.
«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев «Спорт» номинациясындағы 2025 жылғы жеңімпаздардың қатарына кірді. Бұл — оның еңбегі мен тәртібінің, отандық футболдың дамуына қосқан үлесінің де нәтижесі.
Чемпиондар лигасының матчтарына дайындық кестесінің тығыздығына байланысты Дастан салтанатқа өзі қатыса алмады. Оның орнына ол құттықтау мен алғыс сөзін арнайы видео арқылы жолдады.
Дереккөз: «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі