Шетелдегі этникалық қазақ балаларына iQanat мектебінде тегін оқытуға білім гранттары бөлінеді. Алматыда өтіп жатқан «Отандастар» бизнес-форумында кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Қазақстандағы беделді білім беру ұйымы iQanat мектебіне шетелдегі этникалық қазақ балаларын тегін оқыту үшін білім гранттары бөлінетінін хабарлады. Бұл гранттар этникалық қазақтарға білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың елмен байланысын нығайтуға бағытталған. iQanat мектебі ауылдық жерлердегі дарынды балаларды қолдауға және ...
Толығырақ »Архив блога
«Отандастар» бизнес форумының ресми ашылуы өтті
Бүгін Алматы қаласында шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлерді біріктіретін «Отандастар» бизнес форумының салтанатты ашылуы өтті. Форум қатысушылары мен қонақтарына «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров құттықтау сөзін жеткізді. Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының орынбасары Сұлтанғали Кинжақұлов, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, ШОБ-тің экспорттық акселерациясы департаменті директорының орынбасары Дәуір Шығанбаев, «Almaty Business Development Company»-дың Бизнес-ортаны ...
Толығырақ »Аламан бәйгені Айқабақ жеңді
25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгегеде қазақстандық екі тұлпар жүлделі орындарды иеленді. Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді. 1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек (Қазақстан); 2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді (Қазақстан); 3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл ...
Толығырақ »V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Фото: egemen.kz, Ерлан ОМАР Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың этникалық спорты мен мәдени мұрасын насихаттау мақсатында құрылды. Алғашқы ойындар 2014 жылы Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) өтті. Содан бері көшпелілер мәдениетінің жаһандық маңызын айқындаған шара екі жыл сайын өткізіліп келеді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты ...
Толығырақ »V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтеді
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталуға жақын. 8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында 89 елден келген 2500-ге жуық спортшы – әртүрлі мәдениет пен ұлт өкілдерінің басын қосқан көшпенділер дәстүрі мен спортының ұлық мейрамы өтуде. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйек күні аяқталады. Осы жылдың көктемінде бюджеттің қысқаруына байланысты, жабылу рәсімі хаттамалық форматта және көрерменсіз өтеді. Шараны қазақстандық жетекші телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады. Ойындардың жабылу ...
Толығырақ »Көшпенділер ойынында Бәйгенің бәсі жоғары
Бүгін – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні. Таңмен «Қазанат» ипподромында Бәйге жарыстары басталса, Теңге ілу, Ордо ойындары жалғасын таппақ. Бәйгенің қорытындысы бойынша, 2400 метрлік ұшқыр бәйгеде Асланбек Байкенов тізгіндеген Берил Рэйсер сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. Иесі – Бахтияр Байзақов. Екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді. Ұшқыр бәйгенің 2,4 шақырымдық кезеңіне Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан атынан 5 сәйгүлік ...
Толығырақ »Халықаралық олимпиада: Жеңімпаз оқушылар 5,5 миллион теңгеден сыйақы алады
Әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленді. Бұл олимпиадалар: IMO (математикадан), IPhO (физикадан), IBO (биологиядан), IChO (химиядан), IOL (лингвистикадан), IGeO (географиядан) және ...
Толығырақ »«Дүние дидарындағы Димаш»: Ұлттық музейде көрме ашылды
12 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Фото: dimashnews.com Астана төріндегі Ұлттық музейге Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Димаштың әжесі Миуа Низамутдинова қатысты. Сондай-ақ көрменің ашылуына әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың жанкүйерлері жиналды. Көрмеге қойылған құнды дүниенің бірі – ол Димаштың бесігі. Бесікке әжесінің тілеуі жазылған. Сонымен бірге Диаштың балалық шағынан ...
Толығырақ »Қазақ жігіттері көкпардан топ жарды
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен бүгінгі көкпар ойындарында Қазақстан командасы жеңіске жетіп, алтын еншіледі. Жалпы сайыста Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия – барлығы 9 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Көкпардың ақтық сынында Қырғызстан командасымен кездескен қазақ жігіттері 5:4 есебімен жеңіске жетті. Ал Ресей көкпаршылары Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қола жүлдегері атанды. Үшінші орынға таласта ресейлік шабандоздар ...
Толығырақ »Көшпенділер ойындары қалай өтуде?
Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан чемпион атанды. Тоғызқұмалақ сайысында Колумбия, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және Араб елдері сынды 41 мемлекеттен келген 114 қатысушы шеберліктерін сынға салды. Жарысқа Қазақстаннан 4 спортшы қатысқан болатын. Интеллектуалды жарыс нәтижесі бойынша ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль түсті. Бексұлтан Бостандықов ерлер арасында чемпион атанса, Ерсұлтан Әуелбай үшінші орынды иеленді. Ал әйелдер арасында Мөлдір ...
Толығырақ »