Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен алғаш рет ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. 
Фото: Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы видеосынан алынды
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады.
«2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық.
Бүкіл еліміз бойынша 2 334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар», – деді Мемлекет басшысы.
Сағынжан 2019 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Қызметін «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша Шебір ауылдық округі әкімінің аппаратында қызмет етуден бастаған. 2024 жылы Шебір ауылдық округінің әкімі болып сайланған.
«Жаспын деп еркелеуге болмайды. Барлық іске жауапкершілік керек. Ауыл тұрғындарының сенімі мен аманаты бар. Сондықтан бәріміз бірге жұмыла жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Сағынжан Тұрақбаев.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы